Апта анығы

0 102

Лондон Олимпиадасының жеңімпаздарына қай ел қанша сыйақы беретінін жариялай бастады.
Ресей алтын медаль алған спортшысына 100 мың еуро, күміс және қола жүлдеге ие болғандарға 60 мың және 40 мың еуро атап отыр.
Украина алтынға – 85 мың доллар, күміске – 62 мың доллар, қолаға – 41 мың доллар деп белгіледі.
Тәжікстан чемпиондарға 62 мың доллар тағайындап отыр. Күміс медаль таққандар – 52 мың доллар, қола иеленгендер – 42 мың доллар алады.
Қырғызстан үкіметі алтын алған спортшыға 150 мың доллар бермек.
Хорватия елі алтын медаль әкелген атлетке 27 мың 500 еуро, күміске – 17 мың 500 еуро, қола алған спортшыға – 12 мың еуро ұстатады.
Болгарияда алтын медаль – 102 мың 500 еуроға, күміс медаль – 82 мың 100 еуроға, қола медаль – 71 мың 800 еуроға бағаланыпты.
Литвада жеңімпаз спортшының қалтасы 116 мың еуроға қалыңдайды.
Екінші орын алғандар – 72 мың 500 еуро, үшінші орындағылар – 43 мың 500 еуро алады.
Чехия билігі олимпиададан алтын әкелген атлетке 75 мың еуро дайындап отыр. Күміс пен қола иегерлері 37 мың 500 және 22 мың 500 еуро иеленбек.
Италия алтынға 140 мың еуро, күміске 75 мың еуро, қолаға 40 мың еуро бермек.
Франция өз чемпиондарына – 41 мың 500, Қытай – 35 мың, Жапония – 23 мың, Оңтүстік Корея – 22 мың, Австралия мен Германия – 12 мың фунт стерлингке тең сыйақы тағайындапты.
АҚШ-та олимпиада чемпиондарына берілер сыйақы көлемі 18 жылдан бері 25 мың доллар күйінде өзгермей келеді.
Ал, Қазақстан Олимпиададан алтын медаль әкелген спортшыға 250 мың доллар, күміс медаль иегеріне – 150 мың доллар, қола медаль алған спортшыға 75 мың доллар сыйақы беретін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + nine =