Апта анығы

0 74

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, дәл бүгінгі күні Астанадағы 14 жоғары оқу орнында 48 мың 606 студент білім алып жүр. Өткен жылмен салыстырғанда қаладағы студенттер саны 4,7 пайызға артқан.

Апта ақпары

Енді елордалық ата-аналар балаларыныңсабаққа қатысуы мен оқу үлгерімін SMS арқылы бақылай алатын болды.

Астанадағы 35 білім беру мекемесінде іске қосылған «e-learning» қанатқақты жобасы аясында білім беру ошақтарындағы барлық компьютерлер интернетке шығу арқылы бір локалды желіге қосылып, материалдық-техникалық базасы жетілдірілетін болады. Жаңа жабдықтардың көмегімен мұғалімдер сабақ жоспарларын жасап, сондай-ақ, электрондық журнал, күнделікпен де жұмыс істей алады.

Апта жаңалығы

Астаналық нейрохирургтер омыртқаға күрделі операция жасады. Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығында жасалған операцияның арқасында 65 жастағы әйел мүгедектіктен аман қалды.

Орталықтың нейрохирургия бөлімінің дәрігерлері омыртқаның зақымданған жерін алып тастап, жасанды протез қояды. Бұл әдіс хирургия саласында өте сирек қолданылады екен және жасы ұлғайған адамдарға жасалған операциялардың сәтті аяқталатыны сирек кездесетін көрінеді. Алайда, елордалық дәрігерлер операцияны сәтті жасап шықты. Мамандардың айтуынша, науқас санаулы күннен соң аяғынан тік тұрып кетуі керек.

Хирургия бөлімінде омыртқа мен жұлынға жылына 600-ден астам операция жасалып, 10 инновациялық медициналық технология қолданысқа енгізіліп отырады екен.

АПТАНЫҢ ЕСЕП-ҚИСАБЫ

2013 жылдың 1 қаңтарында еліміздегі халық саны 16 млн 911,9 мың адамға жеткен екен. Оның 9 млн 264,9 мыңы, яғни, 54,8 пайызы – қалалықтар, 7 млн 647 мыңы, яғни, 45,2 пайызы – ауылдықтар.

Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, 2012 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында еліміздегі жалпы халық саны 236,5 мың адамға, яғни, 1,4 пайызға өскен көрінеді.

АПТАНЫНЫ Ң «КЕРЕКТЕРІ»

Ғарифолла ЕСІМ, Парламент Сенатының депутаты:

«Білім және ғылым министрлігін қайта құру керек»

Нәдір НӘДІРОВ, Ұлттық ғылым академиясының академигі:

«Барлық бағдарламалардың бастауында адам капиталы тұруы керек»

Нұртай Сабильянов, Парламент Мәжілісінің депутаты:

«Қауіпсіздігімізді нығайту үшін шекара аймағына қаражат бөлуіміз керек»

Шынар ДОСАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − six =