©2020 Астана Ақшамы
Апта алаяқтығы
Осы аптада Астана қаласы ІІД Сарыарқа ауданы ІІБ-нің кезекшілік бөліміне хабарласқан астаналық тұрғын өзіне белгісіз біреудің «полиция қызметкерімін» деп хабарласқанын айтады. Әлгі бейтаныс полиция оған ұлының келеңсіз жайтқа тап болып қамауға алынғанын, оған көмектесу үшін полицейлерге 500 мың ақша төлеу қажеттігін жеткізіпті.
Әйел бірден полицияға шағымданады. Оқиға орнына Сарыарқа ауданы бойынша ІІБ-нің қызметкерлері жетіп, ақшаны алу кезінде Қостанай облысының 23 жастағы С. есімді азаматшасын ұстады. Әйелді тексеру барысында одан 3 ұялы телефон мен сим-карталар табылыпты. Ал, үйін тінту кезінде 4 парик пен 8 сим-карта тәркіленген.
Қазіргі уақытта оның телефон алаяқтығының 5 оқиғасына қатысы бар екендігі анықталды. Енді алаяқтың дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалуда.
Шынар ДОСАН