©2020 Астана Ақшамы
АПТА АЙТАРЫ
Ғани ҚАСЫМОВ, сенатор:
«Кеңес дәуірінен келе жатқан, 90-ыншы жылдары жасалған ұшақтардан арылу қажет. Олар бұрынғы кеңес елдерінде мамандар кетіп, жартылай өлі зауыттар жұмыс істеген кезеңде жасалған. Мұндай техника керек пе?!
«Ауа райы дұрыс болмады» деген не сөз? Егер ауа райы дұрыс болмаса, неге ұшақтарын жібереді?! Тұманды күні қона алмайтын қандай ұшақ?! Оншақты жыл бұрын азаматтардың ұшу қауіпсіздігіне қатер төнгенде, Президент ТМД елдері шығарған ұшақтарды сатып алуға тыйым салған. Содан кейін елге еуропалық «Аэробустар», америкалық «Боингтер» алына бастады. Олар кез келген тұманда автоматтандырылған режимде қона алады.
Бізде бір жылда бюджеттің миллиардтаған ақшасы игерілмей қалады?! Бұл ақшалар келесі жыл үшін «құмға сіңген судай», пайдаға аспайды. Яғни, бюджеттің басқа салаларында игерілмеген қаржыны қараша, желтоқсан айларында анықтап, соларды жаңа техника сатып алуға, соларды жаңғыртуға бағыттауға болады».
(«Айқын» газеті)