АПТА АЙНАСЫ

0 142

АСТАНАДАН АУЫЛҒА БАРУҒА ДАЙЫНСЫЗ БА?

Ағымдағы жылдың 26 наурызын­да «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның өзгертіліп, толықтырылған нұсқасы күшіне енбекші. Заңдағы өзгерістерге сәйкес, министрлiктерде қызмет етiп жүрген бес мыңға жуық мемлекеттiк қызметкер ауыл-аймақтарға жұмыс iстеуге жiберiлетін болады. Бұл туралы осы аптада Президент әкiмшiлiгi жетекшiсiнiң орынбасары Ғабидолла Әбдiрахымов мәлiмдедi. Буынып-түйініп Астанадан ауылға біржола аттанатын бес мың қызметкер қалай іріктеледі, өз еркiмен бара ма, әлде мемлекет мiндеттей ме, әзiрге бұл жағы беймәлiм. Десек те, осы орайда туындайтын басты сұрақты бірнеше мемлекеттік қызметкерге қойып көрдік. (Пікір авторларының нақты қызмет орны өздерінің сұрауы бойынша көрсетілмеді).

Мерей МЕЙІРБЕКОВ, мемлекеттік қызметкер:

Бұл бастама менің көңілімнен шық­­­ты. Қа­ра­пай­ым халықтың көбі­ күні бойы кеңседе отыратын мем­ле­­кеттік қызметкерді ұлтқа қызмет ету үшін емес, шен тағып, шекпен жа­мылу үшін отырғандай көреді. Сондықтан, бұл қадам елін, жерін сүйген нағыз патриоттар үшін үл­кен­ сын болғалы тұр. Егер таңдау еркі­ қызметкерлерге берілсе, мен ой­лан­бастан ертең-ақ ауылға аттанар­ едім. Елбасы «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» деген сөзді жиі айтады. Демек, қазақтың діңгегі са­на­ла­тын­ ау­ыл­ды­ ай­мақ­тар­ға да жі­­гер­­лі­­ жас­тар­дың­ қы­зме­ті, қолдауы ке­рек екені анық.

Алайда, мені «жергiлiктi басқару аппараттарына қай санаттағы қыз­мет­керлер жіберіледі, егер отбасымен көшетiн болса, отбасының өзге мүшелері де жұмыспен қамтыла ма, жалақы мәселесі қалай шешіледі» де­ген­ сау­ал­дар алаңдатады. Осы мә­се­ле­лер орынды шешіліп жатса, ұл­тын сүйген, ауылын сүйген кез кел­ген мемлекеттік қызметкер бұл бастаманы қолдайды деп сенемін.

Жұлдыз НАУРЫЗБАЕВА, мемлекеттік қызметкер:

Бәріміз ауылда туып-өстік, ау­ыл­­да­ бі­­­­лім­­­­­ ал­­дық.­ Сон­дық­тан,­ ау­­ыл­­дың­ бо­ла­­­ша­­­­­ғы­­ біз­­ді­­ де ойлан­дыр­май­ қой­май­ды.­ Бә­­рі­­міз­­ге­ бел­гі­­лі, кей ауылдардың бү­­гінде күйі­ қашты. Күрмеулі мәселесі де же­тіп­ ар­ты­ла­ды.­ Сондықтан білімі жо­­­ға­­­ры,­­ тә­­­жі­­­ри­­­бе­­сі­ мол­ ма­ман­дар ау­­ыл­­­ға­ ке­рек­-ақ.­ Алайда, жасыраты­ны­­ жоқ,­­ мен өз бо­ла­ша­­ғым­­ды­ тек­­ Ас­та­на­мен­ бай­ла­ныс­ты­ра­­­тын­­­ жан­­­дар­­­­дың­­ бі­­рі­мін.­ Жоғары оқу ор­­нын­ тә­­мам­­дай­ сала, бірден Ас­та­наға жол­­ тарт­қа­ным да сондықтан. Мем­ле­кет­­тік­­ қыз­­мет­­те жүргеніме бес­ жыл­дан­ ас­ты. Үй­рен­ге­нім­нен әлі үй­ре­не­рім көп. Егер­ ауылға тек­ өз еркімен барғысы ке­ле­тін­ жан­дар­ ға­на­ жі­бе­рі­летін болса, ме­нің бұл қадамды таң­да­ма­сым­ анық. Оны жасырмай айтамын. Астана – біз секілді жастардың қаласы. Ал, жас­тар­ға­ ал­ды­мен керегі не? Әрине, зама­науи­ білім ошақтары, өзінің әлеуметтік, ғы­лы­ми,­ мәдени жобаларын жүзеге асыруға мүм­­кін­дік беретін орта, пікірлесіп, ақыл­-ке­ңе­сін алып отыратын зиялы қау­ым­ өк­­іл­­­де­рі… Қыс­қа­сы, бар жағдайы жасалған ос­ын­дай ке­ре­мет­ қа­ла­ны қиып, өз ер­кім­мен­ өзге өңірге еш­уа­қыт­та кетпес едім.

АПТАДАҒЫ АУЫС-ТҮЙІС

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұрынғы төрағасы, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі осы аптада Шығыстану институтының директоры қызметіне тағайындалды.

Әбсаттар қажы Бас мүфти лауа­зымына дейін талай жылдар осы салада қызмет атқарып, академик,­ ғылым докторы дәрежесіне дейін көтерілген ғалым.
Сондай-ақ, осы аптада Парла­мент­ Мә­жі­лі­сі мүшелерінің қата­ры­­ жаңа депутатпен толықты.

Бұған дейін Алматы қаласы әкі­­­­­мі­­­­нің­­ ор­ын­ба­са­ры­ қызметін ат­­­қар­­­ған­ Се­рік­ Сей­ду­ма­нов­­ «Нұр­­ От­­ан»­­ Ха­лық­тық­ демо­кра­тия­лық­­ пар­тия­сы­нан Парла­мент­ Мә­­­жі­­­лі­­­сі­­­­нің­­ де­пу­та­ты­ болып­ сай­­лан­­ды.

Бұған дейін ол ҚР Президенті Әкім­шілігі Ақпараттық-талдау ор­­­та­­­лы­ғы басшысының орынба­са­ры, Жастар, туризм және спорт­­ вице-министрі, Білім және мә­де­ниет­ ми­нис­трлігі үйлестіру және қада­ға­лау департаментінің ди­рек­торы,­ ҚР Парламенті ап­па­раты Ақпа­рат­тық-талдау ор­та­лы­ғы­ның директоры, Прези­дент­ Әкімшілігі ішкі­ саясат бас­қар­ма­сы қоғаммен және бас­па­сөз­бен байланыс бөлі­мі­нің мең­ге­ру­шісі, Президент Әкім­ші­лігі әлеу­меттік-саяси бөлім мең­ге­ру­­шісінің бірінші орынбасары­ қыз­­­меттерін атқарған.

АПТА ЗЕРТТЕУІ

Халықаралық әйелдер күнінде  қазақстандықтардың 98 пайызы бір-біріне сыйлық жасауды жоспарлап жүр. Бұл «Хоум кредит банк» АҚ-ның ме­ре­кеге деген жұртшылық көзқарасын анықтауға ар­налған зерттеуі кезінде анықталды. 

Телефон арқылы жүргізілген сауалдамаға Қазақстан бойын­ша­ банк­тен бір рет болса да несие алған 18 және одан жоғары жас­та­ғы 900-ден астам респондент қатысқан. Олардың 2,5 пайызы бұл күн­ді қосымша демалыс күні деп есептейді. Ал, ер азаматтардың 47­ пайызы әйелдердің 53 пайызы үшін бұл мейрам туыстары мен­ жақындарына өз сезімін білдіру  мүмкіндігі болып табылады. 8 нау­рыз­ға­ дәстүрлі сыйлық – кос­ме­тика және парфюмерия. Сый­лық­тар­ға жұмсалатын ең­ көп сома 5-10 мың теңге екен. Оны мерекеге сыйлық сатып алуды жоспарлап жүрген респонденттердің 20 пайызы атаған. Ал 15 пайызы 15-20 мың теңге көлемінде сома жұмсамақ.

АПТА АНЫҒЫ

Еліміздің Жол полициясы комитеті қазақ­стан­дық жүр­гі­зу­шілердің 82 пайызы­ көлікті басқару кезінде қау­іп­сіз­дік белдіктерін ұдайы пайдалана­тынын анықтапты.

500-дей адам қатысқан арнайы сауалнама нәтижесі көрсеткендей, «темір тұлпарды» тізгіндегендердің 5 пайызы қауіпсіздік белдіктерін елді мекеннен тыс жерге шыққанда, 7 пайызы жол полициясы қыз­мет­кер­ле­рін көрген кезде ғана тағу керек деп санайды екен.

Ал, олардың 2 пайызы көлік құралын басқару кезінде қауіпсіздік белдіктерін өте сирек пайдаланатынын айт­са,­­ қалған 5 пайызы қауіп­сіз­дік белдіктерін пайдалануды мүл­де қажет деп санамайды.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, ең жауапты­ жүр­гі­зу­ші­лер­ Франция, Германия, Швеция, Ұлыбритания және Нид­ерландыда көрінеді. Онда азаматтардың 95 пайызы қауіпсіздік белдіктерін пайдаланады.

Статистика бойынша, қауіпсіздік белдіктері жол апа­ты жағдайында көліктің алдыңғы орындығында от­ыр­ған жолаушының өлімін екі есеге, ал артқы жақта отырған жолаушылардың өлімін үш есеге төмендетеді. Қарама-қарсы соқтығысқан кезде көлік жүргізушінің өлімі – 2-3 есеге, бүйірден соққан кезде – 1,8 есеге, ал көлік құралы аударылған кезде өмір­ге деген қауіп 5 есе­ге дейін азаяды екен.

АПТАНЫҢ «КЕРЕКТЕРІ»

Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:

«Үкімет мемлекеттік идеологияны қолдамайтын БАҚ-қа мүлдем қолдау көрсетпеуі керек».

Дариға НАЗАРБАЕВА, Парламент Мәжілісінің депутаты:

«Балалар құқықтарын қорғайтын нақты мем­ле­кет­тік орган болуы керек».

Қуаныш СҰЛТАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты:

«Мигранттар санының өсуі ел қауіпсіздігі үшін әжеп­тәуір салмақ салатынын естен шығармауымыз керек».

АПТА ЖАҢАЛЫҒЫ

Көлік және коммуникация ми­нис­т­р­лі­гі­нің Бай­ла­­ныс және ақпараттандыру комитеті «Қа­зақ­­те­ле­ком»­ АҚ-ның операторлық және ұялы байланыс қыз­мет құнына қатысты жүргізген са­рап­тамасы аяқталды. Сараптама жұмысының нәтижесі бойынша,­ «Ксеll»­ жә­не­­ «Кар-Тел» абоненттері үшін бай­ла­ныс­­ құны орта есеппен 17 пайызға арзандайтын болды.

Мәселен, аталған байланыс операторларының желі­іші­лік шығыс қоңырауларының шекті құны 1 минут үшін 18 теңгені (қосымша құн салығынсыз) құраса, 1 наурыздан бастап 15 теңгені құрайтын болады. Қа­зақ­стан­ның басқа операторларының желілеріне шығыс қо­ңырауларының құны 1 минут үшін 35 теңгеден 29 теңгеге дейін арзандайды.
Сондай-ақ, мобильді интернеттің 1 Мб үшін ең жоғары құны 18 теңгені құрайтын болды.

Шынар ДОСАН 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × two =