Апта айнасы

0 91

Апта ақжолтайы

Жаңа емхана ашылады

Астанада  750  адамға лайықталған жаңа емхана пайдалануға беріледі.

Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында қолға алынған әлеуметтік нысан қараша айының соңында жұмысын бастайды.  Сарыарқа ауданында орналасқан  мекеме  тұрғындарға  қазіргі заманға сай  медициналық көмек көрсететін болады.

Апта жаңалығы

Екі мың теңге ескірді

Ұлттық банк екі мың теңгелік ескі ақшаларды екі жылдан кейін жарамсыз деп танымақ.

Сондықтан  2006 және 2012 жылдары шығарылған екі мың теңгеліктер 2015 жылдың 28 наурызына дейін жаңасына түгел ауыстырылуы тиіс.  Ал, екінші деңгейлі банктер алдағы екі жылда банкомат арқылы жаңа ақшаларды айналымға шығарады.

Апта анығы

Пәтері «пәлеге» қалдырды

Астанада жезөкшелерге пәтерін жалға беріп келген азаматтың үстінен іс қозғалды.

Құқық қорғау  қызметкерлерінің айтуынша, бұдан былай «түнгі көбелектерге»  баспанасын жалға бергендер  жаппай жазаланбақ. Өз баспанасын жеңіл жүрісті қыздардың жын ойнағы үшін берген елордалық тұрғынға  411 мың теңге айыппұл салынып, жарты жылға дейін кәсіппен айналысуына тыйым салынды. Жалпы, елордалық полицейлер пәтерін жезөкшелерге берген дәл осындай 12 деректі анықтап отыр.

Апта оқиғасы

Заңсыз құрылысқа жол жоқ

Астаналық  сот орындаушылар заңсыз басып алынған жерлерге салынған ғимараттарды бұзуда.

Олардың дені – сауда орындары. Астана қаласы бойынша заңсыз салынған құрылыстарды бұзу туралы 61 сот актісі шыққан. «Бүгінде оның 21-і толығымен орындалды. Алдағы уақытта заңсыз салынған тұрғын үйлерді де бұзу басталады. Ол туралы сот актісі шыққаннан кейін хабарлаймыз» дейді Астана қаласы сот актілерін орындау департаментінің баспасөз хатшысы Арман Қадырбеков.

Апта «керектері»

Нармұхан  САРЫБАЕВ,  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы:

«Ауылдықтардың тұрғын үй жағдайы әбден ескірген. Тұрғызылғанына отыз, жиырма жылдан асқан үйлер көп. Осы мәселеге қатысты өз ұсынысымызды әзірлеп жатырмыз. Баспана болғандықтан, ұзақ мерзімді несие көздері керек. Табысы төмен тұрғындар үшін оның пайызы да төмен болу қажет».

Камал БҰРХАНОВ,Мәжіліс депутаты:

«Бәлкім, зымырандардың  жанар-жағар  майларын  адамзатқа  зиянды  емес  түрлерімен  алмастыру  жөнінде  Ресейге  талап  қою  керекболар. Тіпті, мүлдем «Протон»  сындызымырандардытоқтатукерекболар. Өйткені,елдіңамандығынбіріншіорынғақоюымызкерек».

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + six =