Апта айнасы

0 95

Аптаның  «туиттер» тіркестері

Балғынбек Имашев@Balgynbek
Жәннәттың мәселесін шеш­кің келсе, Пайдалы ілім ізде, бос күл­генше. Бір тәулікте бес мәр­те намаз оқы, Бір сағатта туитке бес кіргенше.

Zharkyn Zhumadilov@tusupbekuly
«Нельсон Мандела – қара құрлықтың ақ жүрегі!» Керемет теңеу!

Ahmetjanova Gul@gulnuraah
Өмір – айна. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер.

Жақсылық Орынбасар@ojaksylyk
Аталарымыз мына үш сөзбен-ақ ұрпағын бүкіл жамандықтан тыйып келген: ұят болады; жаман болады; обал болады.

Әйгерім Бегімбет@Otanqyzy
Әріптес ағамның айтқаны: Шымкентте былай ғой: «Бір адам – бір газет». «Екі адам – журнал». «Үш адам это уже – альманах».

Mukhamedzhan Tazabek@MTazabek
Мейірімі жоқ адамнан маңырап жүрген мал жақсы, әдепсіз өскен баладан тәртіппен өскен тал жақсы.

Апта «керектері»

Кәкен ҚАМЗИН, филология ғылымдарының докторы, профессор:

«Бүгінгі қазақ журналистикатану ғылымы әлдеқайда ілгерілеп кетті. Сондықтан бізге жаңа көзқарас, еркін ой, азат пікір тұрғысынан ой толғау керек».

Талғат МАМАШЕВ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары:

«Тарихымыздың  қаншама құнды деректері төрткүл әлемге шашырап кеткен ағайын сияқты шетелдерде сақтаулы. Оны да түгендеп, өткенімізді мейлінше толық әрі дұрыс қалпына келтіру үшін де бізге сырттағы диаспорамен тығыз байланыс орнату, қолдау, қамқорлық көрсету керек».

Апта фотоайғағы

Қазақстанда ашық құ­дық­тарды қараусыз қалды­ратын­дай, бала саны көп емес. Бұл – Астананың Мир­зоян көше­сіндегі Алматы аудандық ха­лық­қа қыз­­мет көрсету орта­лы­ғы ма­ңындағы және «Қа­ра­­қат» музыка мектебі жа­нын­дағы қақпағы ашық жат­қан құ­дықтар.

Суреттер «Фейсбук» әлеуметтік желісінің белсенді қолданушы­сы
Сырым Абдрахмановтың жеке парақшасынан алынды.

Апта жазасы

Сенімсіздерге сертификат жоқ

Еліміздің көлік және коммуникация министрлігі отандық үш әуе компаниясын сертификатынан айырды.

Аталған ведомствоға қарасты Азаматтық авиация комитеті сарапшылармен бірлесе отырып  «D.E.T.A. Air», «МЕГА» және «ҚазЭйрУэст» компа­ния­ларынан ұшуға рұқсат беретін сер­ти­фикаттарын қайтарып алды. Олар қызметін тиісті та­лаптар­ға сай жүргізбеген, соны­мен қатар ұшу құжаттары мен ин­же­­нерлік-техникалық қыз­мет көрсету деңгейі сын көтер­мей­ді. Бір айта кетерлігі, Қазақ­стан­да қазір 59 әуе компания­сы бар. Алайда оның 37-сі Еу­ро­­одақ­тың «қара тізіміне» ілінген.

 Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty + seventeen =