Апта

0 104

АПТА СТАТИСТИКАСЫ

Жыл басынан бері елордада 5 мыңға жуық сәби дүниеге келді.

Әділет департаментінің хабарлауынша, 2013 жылдың алғашқы 3 айында Астанада 4893 сәби дүние есігін ашты. Бас қалада туу көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 600 балаға артқан. Жалпы 2012 жылы елордада 21 мың 266 сәби дүние есігін ашса, тәулігіне алпысқа жуық нәресте туылады екен.

АПТА САУАЛЫ

Василий КРЫЛОВ, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

«Жалпы өткен кезең бойынша тұрғын үй инспекциясы басқармасына 1821 арыз-шағым түскен, оның 45-і пәтерлердегі жылуға қатысты болды. Олардың дені – мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлердің тұрғындарынан түсті»

2012-2013 жылдардағы жылу маусымын қорытындылау жиналысында сөйлеген сөзінен

Маманға сауал

Роза  КАКЕНОВА, «Астана-Жылутранзит» АҚ-ның реттеу бөлімінің бастығы 

–Мемлекеттік бағдарламамен салынған қандай тұрғын үйлерден қандай сипатта шағым көбірек түсті?

–Қала әкімінің орынбасары Василий Крылов «Светлый», «Көктем», « Тұрсын Астана», «Каспиан Палас» тұрғын үй кешендерін, Сауран көшесіндегі №7, 12, үйлер мен 187, 188-көшелердегі үйлерде есік-терезе жақсы қымталмағандықтан, жылу тұрақтамайтыны айтты. Бұл қатарға Сарайшық, Жұмабаев көшесіндегі үйлерді де қосуға болады.  Сонымен қатар, көп үйлердің жалға берілетін төле қабаты бос тұрғандықтан,  үстіңгі қабатындағы тұрғындар запа шегіп отыр.  Бірқатар үйлерде жылыту радиаторлары қарастырылған нормадан аз. Кейбіреулерінде, мәселен, Сарайшық көшесіндегі  тұрғын үйлерде үйішілік жылу жүйесі дұрыс монтаждалмаған.

–Бұған кінәлі – құрылыс компаниялары дейсіз ғой? Сонда үйді қабылдайтын мемлекеттік комиссияның құрамындағы сіздің  мекеменің өкілдері ондай кемшіліктерді байқамайды ма?

–Комиссия құрамындағы «Астана-Жылутранзит» өкілдері  көбіне үйге дейін келетін жылу құбырларын тексереді. Әр пәтерге бас сұғып жүрмейміз,  өйткені біздің құзіретімізге жатпайды. Түскен шағымдар бойынша тиісті мекемелерге, құрылыс компанияларына ылғи да хат жазамыз. Әзірге нәтиже шамалы.

*Аптаның facebook мысқылы…

Дархан Қыдырәлі

Ақыры басшылыққа байланысты кейбір ұғымдарды ауыстырған екен, қоғамдық пікірде жағымсыз қабылданатын «бюрократ» деген сөзді де «бүйрекбұрат» деп өзгерте салса қалай болады? Сонда бұл сөз де қазақшаланып, «жанашыр» деген мағынаға да жақындай түсер ме еді?!

Galiya Serikkyzy

:-))) Бакалавриатта халықтық этимология дегенді оқитынбыз. Соған таптырмайтын мысал екен.

Серк Ерғали

Бүйрекбұрат – жемқордың бауыры болып шықпай ма?!

Beisen Akhmetuli Bukarbai

Бүйрекбұрат пен жемократия бір команда деңізші онда.

Бақытбек Бәмішұлы

Жақсы термин екен, «қарына тартқыш» дегенге балама боларлық.

Асылбек Досалы

Дархан ағамыздың пікірінде ащы мысқыл бар. Мәжбүрліктен әрине. Десек те, Бәйменовтың бастық деген сөзден қашқанын, қолданыстан алып тастауға барынша күш салғанын түсіне алмадым. Ертең қазақ осы бастаманың нәтижесінде бастық деген сөзінен айырылып қалса, не болады? Басшы не, бастық не? Мағынасы бір емес пе? Құлағына түрпідей естілетін сөздерді әр басшы өзіне ұнамайтыны үшін қолданыстан алып тастауды ұсынып, онысын орындатып жатса… Билік өкілдері халыққа да «бастық» деген сөзді айтқызбай қойса, қазақ тілінің қоры азайып кетпей ме? Мен бұған дейін де «ұлтжанды» деген сөзді қолданбайық, «ұлтшыл» деп айтайық» дегендермен келіспей қойып ем. «Ұлжандыдан» құтылғанда не ұтамыз. Ұлтшылдың баламасы, сөздік қорымыздың молайғаны жақсы» деп…

 

Аптаның facebook-тегі ұлт абыройы

Бұл тарихи құжаттың суретін facebook арқылы Мансұр Баширов деген қолданушы таратты. Алғашқы жерсеріктерге орысшасымен қатар «Жолдастар! Мына пакетті кім тапса, жақын жердегі жергілікті советке табыс етілсін» деген қазақша жазуы бар пакеттер салынған. Ғарышқа қазақ даласынан аттанғандықтан, қарапайым қыр қазағы «орысша білмеуі мүмкін» деген қисынмен осылай жазылса керек. Бұл тарихи дерек қазақ тілі ғарышқа ағылшын, француз, қытай, жапон, тағы  да басқа тілдерден бұрын ұшырылғанына дәлел. Сурет Вашингтондағы Ұлттық аэроғарыш мұражайында түсірілген.

 

Жадымдағы жеті күн

Хангелді Әбжанов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Осы аптадағы  мен үшін ең үлкен  қуаныш – тұңғыш рет елімізде «Ғылым күнінің» тойлануы. Әрі бір-ақ күнмен шектелген жоқ, 5 сәуірден бастап 22 сәуірге дейін апта бойы  түрлі шаралар ұйымдастырылып, соңғы күні қазақ ғылымының іргетасын қалаған Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орайластырылып отыр. Мұның өзі ғылымға айрықша назар аударыла бастағанын білдіреді. Оның айғағы – «Қазақстан 2050» стратегиясында Елбасы Н. Ә. Назарбаев кемелді болашаққа көз салап отырып, алдымен ғалымдарға иек артады. Құдайға шүкір, қазір ғылымға бөлінетін қаржы екі еселенді. Өрімдей-өрімдей жастар ғылымға келе бастады. Әрі олар бізден гөрі бірнеше тілді біледі, яғни ақпарат, мағлұмат алу ауқымы кең. Сондықтан мен қазақ ғылымынан үлкен үміт күтемін.

Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігінінің биылдан бастап тәжірибелік мақсатта екі деңгейлі бірыңғай ұлттық тестілеуді енгізіп көрмек  ниеті түрлі пікірталастарға арқау болып жатыр. Бұл тұрғыда  жалғыз-ақ қосарым, қандай қарсылық болса да, жоғары оқу орындарына түсу үшін емтиханды тест арқылы тапсырудан бас тартпауымыз керек. Олай         етпеген жағдайда баяғы таз қалпымызға қайтадан түсеміз.

 Гүлмира Аймағанбет, Әділбек Жапақ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + 7 =