Апта

0 100

Академикке арналды

Кеше Тәуелсіздік сарайында ғалым Әлкей Марғұланға арналған көрме ашылды.

Академиктің өмірі мен шығар­ма­шылығына арналған көрменің басты мақсаты –  өскелең жас ұр­паққа ғалымның этнография саласындағы мол мұрасын жет­­кізу, рухани тәрбие беру. Көр­­ме­ге келушілер этнография, шы­­ғыс­­та­ну, тарих, әдебиеттану, өнер са­­ласында аянбай еңбек еткен тұл­­ғаның шығармашылығымен  ке­­ңінен таныса алады.

Заңға өзгертулер енгізілді ме?

1 сәуірде бәзбір интернет-араңдатқыштар (оларды «тролльдар» дейді)  ғаламтордағы ақпарат құралдарына біртүрлі ақпарат таратты. 

Онда былай делінген:  «Се­нім­­ді дерек көздеріне қарағанда, дүй­­сенбі күні қолданыстағы ҚР «Неке және отбасы тура­­лы» Заңына толықтырулар мен өз­­ге­­рістер енгізілетін көрінеді. Мә­­се­лен,­ 9-баптың 7-бөлімі бо­­­­­йын­ша­ ендігі жерде құда тү­­­­сіп,­ қыз ұзатудан бастап, дү­ріл­­­­­­де­­тіп той өткізгеніңіз үшін мем­­ле­­кет­ке салық төлеуге тиіс­­ті­­сіз. Жұм­­салатын қаражат тек касса арқылы есептеліп, тойдан түскен табыстың 15 пайызын салық органдарына тапсыруға міндеттісіз.Тойға жұмсалған шығын көлемі 1 миллион теңгеден асқан жағдайда, той иесі қосымша құн салығын төлейді-мыс. Сонымен қатар «Неке және отбасы туралы» заңға некеге тұру туралы жаңа баптар енгізіледі. Айталық, жасы 20-ға толмай тұрмысқа шыққан қыздар зейнет жасына дейін барлық салықтан босатылады, ал 25 жасқа дейін үйленбеген жігіттерге бойдақ салығы ретінде жалақының 10 пайызын төлеу міндеттеледі-мыс».

Сәуле Досжанова, ҚР Парламент Мәжілісі баспасөз қызметінің өкілі:

Бұл – жалған ақпарат. Ша­­­масы, біреулердің қал­жы­ңы болса керек. Өйткені Пар­­ламент Мәжілісінің қа­­рауына ондай заң түскен жоқ. Ал депутаттардың бар­­лығы қазір ел аралауға кетті.

Тиімді терминал іске қосылды

Астана мектептерінің асханаларына тамақ ішкені үшін ақы төлейтін терминалдар орнатылды. Мұндай құрылғылар  «Болашақ мектебі – бүгіннен» жобасы аясында орта білім беретін онға жуық мектепке қойылған.

Терминал тапсырыс қабылдауды автоматты түрде жеделдетіп, мектеп­тің асханалары мен буфеттерінде ке­зекте тұруды қысқартады. Астана қаласы Білім басқармасының мә­­лім­­деуінше, терминал арқылы мәзір таңдау, ас мәзіріне өзгерістер енгізу, чекте таңдалған ұстанымның көрінісі (са­­ны, бағасы, жалпы бағасы, тапсырыс уақыты, карта нөмірі), «мектеп оқу­­шысы куәлігінің» балансын тол­­тыру, жеке кабинет арқылы ра­­­цион­ды қарау және тағы басқа мүм­кін­­діктерді жүзеге асыруға болады.

Білім бағдарламасы жасалды

Назарбаев Зият­кер­лік мектебі Кем­­­бридж универ­си­­­те­тімен бірлесе отырып жаңа білім бағ­­дарламасын жа­сап шығарды.

«Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының бас­қар­­ма төрағасы Күләш Шәмши­ди­­но­ваның айтуынша, жобада бі­­лім саласына қатысты әлемнің бар­­лық тәжірибесі тоғысқан. «Біз Қа­­зақ­­стан стандарттарын зерттедік, сондай-ақ TIMSS және PISA халық­­ара­­лық зерттеулері бойынша үлкен же­­тістіктерге жеткен, экономикасы дамыған мемлекеттердің тәжі­ри­бесін зерделедік. Бірақ білім жү­­йе­­сінде қолданылып жүрген тәжірибені зерттеу аздық етеді. Біз уақыт талабын түсініп, әлемде не болып жатқандығын да ескеруіміз шарт. Себебі 20 жылдан кейін біз еңбек нарығының қай бағытқа қарай өзгеретінін, қандай мамандықтар сұранысқа ерекше ие болатынын, келесі буын өкілдерінің алдында нендей мәселелер туындайтынын ойлауымыз керек. Осы мақсатта, біз Кембридж университетімен бірге жаңа білім бағдарламасын жасадық, дейді ол.

5 сәуір – көші-қон полициясының күні

1993 жылдың сәуірінде уақыт талабына сай елімізде төлқұжаттық-визалық қызмет қайта құрылды.

Оның негізінде көші-қон полициясы құрылды. Қазақстанға келетін шетелдік азаматтар санының артуына байланысты олардың келу тәртібін реттеу қажеттігі туындады. Елбасының Өкімімен Қазақстанға тарихи ота­ны ретінде оралған азаматтарға ерекше назар аударылды. Заңсыз көші-қонды, Қазақстанға шетелдік азаматтардың келу тәртібін бұзу фактілерін, есірткі контрабандасын, шекара арқылы қарулардың тасымалдануын болдырмау үшін 2002 жылдың сәуірінде «Рубеж» бірыңғай бөгеу жүйесі құрылды.

Жұмыс іздеушілерге!

2013 жылдың 23 сәуірінде Конгресс-холл сара­йында  қала әкімдігі бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өт­кізеді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ­дар­ла­малар басқармасы қаладағы ең сұранысқа ие ма­ман­­дықтарды таныстырады. 

Бос жұмыс орындары жәр­мең­ке­сі жұмыссыздарға өздеріне ла­­­­­йық­ты­ жұ­мыс табуға мүмкіндік бе­­­ріп­ қана қой­май, жұмыс беру­­ші­­лерге де қажет ма­­мандарды табуға жағдай жасайды. Алдын ала жарияланған ақпаратқа сен­сек, бұл күні жұмыс іздеушілерге мың­­ға­ жуық бос жұмыс орындары ұсы­­нылады.

Гүлмира Аймағанбет, Әділбек Жапақ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + twelve =