«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Апатты үйлерден 300-ден аса отбасы көшіріледі

0 72

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов биыл апатты жағдайда тұрған ескі үйлерден 300-ден аса отбасы көшірілетінін жеткізді.

жилой

Апта сайын азаматтарды қабылдап тұрамыз. Тағы 12 отбасын қабылдадым, ал жыл басынан бері – 60 отбасы (2021 жылы – 1,5 мың тұрғын). Кездесу барысында әлеуметтік бағыттарға қатысты негізгі проблемалар да, сол сияқты шешімін талап ететін нақты мәселелер де көтеріледі: жұмысқа орналастыру, жобаларды іске асыру бойынша көмек көрсету және т. б. Бүгін азаматтарды қабылдау барысында апатты жағдайда тұрған үйлерді бұзу мәселесі көтерілді. Бүгінге дейін біз Ы.Дүкенұлы, 21, Уголная, 12 а (қазіргі әл-Фараби, 27) және т. б. мекенжайларында орналасқан апатты үйлерге барып, жағдайды көрдік. Бұл үйлердің тозығы жеткен, сумен, электрмен жабдықтауда проблемалары бар, шатырынан су ағып тұр. Биыл апатты жағдайда тұрған үйлерден 300-ден астам отбасын көшіруді жоспарлап отырмыз. Соңғы үш жылда тозығы жеткен үйлерден 700-ге жуық отбасын көшірдік. Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін тұрғын үй кешендерін жөндеу, лифтілерді ауыстыру, жеңілдікпен берілетін әлеуметтік тұрғын үй салу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша жұмыс жүріп жатыр» деді қала әкімі.

 

 

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды