«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Анықтаманы үйде алады

0 223

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен бизнес климатты жақсарту, шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету мақсатында «Биг шанхай» сауда орталығында «Кәсіпкерлерге кеңес беру» шарасы өтті.

Аталмыш шарада Кәсіпкерлік және өнеркәсіп, Ауылшаруашылығы басқармалары, Төтенше жағдайлар, Қоғамдық денсаулық сақтау, Мемлекеттік кірістер департаменттері, Көші-қон қызметі басқармасы, Жергілікті полиция қызметі, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (ХҚО) және «Астана» ӘКК» ҰК» АҚ сияқты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың мамандары келушілерге қызмет көрсетті. Кәсіпкерлер салық заңнамасы, мемлекеттік қолдау, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жинақтау және онлайн мемлекеттік қызметтерді алу сұрақтары бойынша кеңес алды.
Мысалы, шара барысында тұрғындарға қыз­мет көрсетіп отырған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ менеджері оларға әркім өз уақытын тиімді пайдаланып, үйінде отырып-ақ электронды кілт арқылы барлық қажетті анықтамаларды шығаруға болатынын түсіндірді. Ал қалалық ТЖ басқармасының Алматы ауданы бойынша бас маманы Айдар Құсайынов өрт қауіпсіздігі туралы айтып өтті.
– Бірінші кезекте, мұнда датчиктерді де қамтитын автоматты өрт сөндіру жүйесі, жұмыс электротехникасы болуы керек. Сондай-ақ, ғимаратта эвакуациялық шығып-кіруге еркін қолжетімді болғаны дұрыс, – дейді ол.

Нұрдәулет КӘКІШТЕГІ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды