«Antikor ortalygy» ашылды

0 40

Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің сервистік «Antikor ortalygy» және әкімшілік ғимараты ашылды.Еліміздегі құқық қорғау қызметтерінің ішіндегі ең алғашқысы болып «Open space» форматына көшкен органның жаңа қонысының салтанатты ашылуы рәсіміне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик ­Шпекбаев пен елорда әкімі Алтай ­Көлгінов, сондай-ақ еліміздегі бірқатар дипломатиялық миссия өкілдері, қалалық мәслихаттың депутаттары қатысты.
– Мемлекеттік органдардың қызметкерлері, әсіресе партия мүшелері халыққа жақын болуы тиіс. Және қоғамдағы кез келген мәселені дер кезінде шешіп, әкімшілік кедергілерді жою – бүгінгі күннің талабы. Мемлекет ісінің сапасы мен ашықтығына жол ашатын жаңа ғимаратта атқарылған істер Президентіміз Қасым-
Жомарт Кемелұлының халықты тыңдай білетін әрі еститін мемлекет құрудың маңызды бір қадамы деуге болады, – деді әкім Алтай Көлгінов.
Мәртебелі қонақтар сервистік орталықтың ғимаратын, арнайы консультация­лы-кеңес беру бөлмелері мен «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бөлмесін сонымен бірге баспасөз орталығын аралап, жұмысымен танысты.
Алдағы уақытта «Antikor ortalygy» тұрғындардың кеңес алып, департамент басшыларының қабылдауына да осы жерде жазылып, мәселелерін шеше алады.
Оның бірінші қабатында орналасқан «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы да жаңа сапаға көшеді. Жоба менеджері Шавкат Исмаилов барлық атқарылған шаралардың барысын тікелей эфирден көрсететін студия ашылғанын айтты. Енді интернет пайдаланушылар арасында жылдам тарап, жедел хабар алатын адалдық алаңы ауқымын кеңейтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды