Әншінің тартуы

0 56

Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахым­қызы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен жыр алыбы – Жамбылдың 175 жылдығына бейнебаяндар арнады.

Тәуелсіздік мерейтойына орай әншінің орындауында «Қазақстан жастары» туындысы тыңдармандарға жол тартты. Бұл әннің авторлары – көрнекті ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Серік Тұрғынбекұлы мен композитор, Қазақстанның мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек.
Ал Жамбыл Жабаевтың «Жаз» өлеңіне өз кезінде әйгілі әнші, ҚазКСР халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиев ән жазды. Арайлым Рахымқызы осы туындыны жаңғыртып отыр. «Жайдарлы, жаныңды жадыратар «Жаз» өлеңін домбырамен айттым. Ұлттық өнерімізді, дәстүрлерімізді, бабалар мұрасын көздің қарашығындай сақтап, насихаттау керек. Сол арқылы өскелең ұрпаққа үлгі, өнеге, қазақы тәрбие беру маңызды» дейді астаналық филармония әншісі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × three =