Әннің аты– «дәрігер»

0 225

Қазір еліміз ғана емес, жалпақ әлем коронавирус індетімен күресіп жатыр. Әсіресе, бұл жорықта бастарын қатерге тігіп, күні-түні науқастарды емдеп жатқан ақ халатты абзал жандардың ерлігі ерекше. Соған орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері медицина мамандарының қажырлы еңбегін жырға қосқан «Дәрігерлер» деген әнді шырқады.Бұл ән жақында ғана туған. Онда отбасылары мен үй бетін көрмей еңбек етіп жатқан дәрігерлердің батылдығы мен ерлігі айшықты зерделенген. Әннің сөзін Қуат Ежембек, музыкасын мәдениет қайраткері, «Қорқыт» этно ансамблінің жетекшісі Шолпан Қорғанбек жазды.
Жаңа әнді жазуға Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Естай Мұқашев, Алтынай Жорабаева, Бибігүл Жанұзақ, халық­аралық байқаулардың лауреаты Ақбота Құснадин атсалысқан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − 8 =