Әннен шашу шашты

0 42

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестрінің «Ата заң аясында» атты концерті өтті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және Бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, профессор – Айтқали Жайымов.

Кештің мақсаты – көрермендерге ұлттық өнерімізді паш ете отырып, еліміздің тірегіне айналған Ата заңның қадір-қасиетін арттыру. Конституция – халықтың қорғаны, байтақ еліміздің өткені мен болашағын байланыстырушы. Сондықтан келер ұрпаққа осы құндылықтарымызды дәріптеу үшін концертте Қазақ оркестрі және «Шалқыма» халық би ансамблі өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ халықаралық конкурстардың лауреаттары – Алтынбек Әбілда, Арман Жайым, Сәкен Бекжанов, Бауыржан Нұрмұхамедов, Әйгерім Аманжолова, Республикалық конкурстардың лауреаттары Әйгерім Нартүйе, Перизат Тұрарова, Талғат Аллаберинов та өнер көрсетіп, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + 7 =