Аниматроник ашылды

0 169

ERA_0653

Елордадағы демалыс мүйістерінің бірі – «Думан» сауда­ ойын-сауық орталығында «Коралл ата мен Муренка» аниматрониксы іске қосылды.

Аумағы 15 шаршы метрді алып жатқан аниматрониктің биіктігі – 5 метр. Олар әр түрлі іс-қимылдармен ерек­ше­ле­неді. Бұл анимациялық кейіпкерлер адамның барлық қимылын қайталайды. Сөйлейді, көзін қысады, қасын көтереді, қажет болса, мінез көрсетеді. Барлық қимыл-қозғалыс компьютерлік бағдарлама арқылы жүргізіліп отырады.

Мұндағы екі кейіпкер өзара сөйлесіп, келушілерге ілтипат білдіреді. Қазақ және орыс тілдерінде сөйлеп, Астана туралы толық мағлұмат береді. Оның ішінде «Думан» ойын-сауық орталығы туралы да ақпарат айтады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 2 =