«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Аңыз әлемі

0 251

Кеше Ұлттық музейде талантты жас график-суретші Әлібек Қойлақаевтың «Түркі әлемінің аңыздары» атты көрмесі өтті.

Көрмеге қылқалам шеберінің тарихи тұлғалардың портреттерін бейнелеген сексен графикалық туындысы қойылды.
Бұл суретшінің шығармашы­лығында графика мүлде өзгеше мәнге ие.
Әрбір қартинадағы бейнелерден бәрі бір динамикалық пішінмен орналасқан. Олардан автордың эмоциясы мен көңіл-күйін көресіз.
Аңыздағы бейнелерді ақ параққа түсіру бір күндік жұмыс емес. Ол үшін жатпай-тұрмай ізденуге тура келеді. Терең тарихқа сүңгіп, тұлғалар туралы жазылған ғылыми мақалалар мен шежірелік деректердегі әртүрлі бейнелерді салыстырып, зерделейсіз. Мәселен, Қойлақаевтың «Күлтегін» картинасында ұлы қолбасшының бейнесі нанымды шыққан. Одан даңқты батырдың айбары мен айбаты айшықты көрінді. «Күлтегін» деген бабамыз осындай болды дегенге шүбәсіз сендіреді. Сондай-ақ «Күйініш» деп аталған композициялық туындыда жорықта қаза болған серіктерін жоқтап отырған жауынгердің қайғы жұ­тып, күйініштен күңі­ренген бейнесі бедерленген. Картинада­ғы қасірет көріністер қиғаш жолақтармен берілген. Бұл философиялық ойдан өмірдің тұңғиық сырларын ұғасыз.
Көрме ашылуында белгілі аза­маттар суретшінің шығармашы­лығы туралы бағалы пікірлерін айтып, оған ізгі тілектерін білдірді.
Әлібек – ноғай ұлтының өкілі, Дағыстан жерінде өмірге келген. Оның шығармашылығы бізге ғана емес, өзге мемлекеттерге де жақсы таныс. Бірқатар елде жеке көрмесі өткен.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды