Анасы да, баласы да аман!

0 36

Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 көпсалалы аурухананың дәрігерлері ауыр халдегі ана мен оның жаңа туған сәбиінің өмірін сақтап қалды.

Аурухананың акушерлік бөлімшесіне тыныс жетіспеушілігімен ауыр халдегі 39 жасар жүкті әйел 24 маусымда келіп түскен еді. Қабылдау кезіндегі әйелдің жүктілік мерзімі 34 апта 6 күн болған. Оған COVID-19-дың ауыр түрі, екі жақты полецегменттік пневмония, сондай-ақ қалыпты преэклампсия ­диагнозы қойылған болатын. Осындай жағдайда салқынқандылық танытқан дәрігерлер бірден-бір дұрыс шешім қабылдап, кесарево тілігін жасады. Салмағы 2,3 келі болатын шала туған қыз бала дүниеге келді. Нәресте дереу реанимация бөліміне ауыстырылып, оған интенсивті бақылау мен емдеу жүргізілді. Сонымен бірге дәрігерлер ана өмірі үшін күресті. Операциядан кейін ол реанимация және интенсивті терапия бөліміне орналастырылып, онда 12 күн жатты. Жеті күн бойы ол өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныс алды. Жағдайы тұрақтандырылғаннан кейін емдеу шаралары қарқынды бақылау палатасында жалғастырылды.
Дәрігерлердің біліктілігі мен күш-жігерінің арқасында жасалған емнен кейін ана мен бала қанағаттанарлық жағдайда үйлеріне шығарылды. Ал біз қиын жағдайдан дұрыс жол тапқан дәрігерлер қауымының қажырлы еңбегіне тағы бір рет көз жеткіздік.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − 8 =