Ананың ақ тілегі

Алғыс

0 29

Менің 70-тен асқан жасым бар. Көп жылдардан бері екі аяғымнан баса алмай, мүгедектер арбасына отырып қалдым. Дәрігерлердің қойған толық диагнозы: екі аяқтың буындарының гонартрозы. Ревматоидтық артрит. 4-5 жылдай ревматоидтық артритке қарсы ем-дом алып жүрдім. 2017 жылы жаз айында «Травматология және ортопедия» РМК-да гонартрозына қарсы алдымен бір тіземе эндопротездеу жасаттым. Құдай сәтін салып, содан ағаш сияқты қатып қалған етіме жан бітіп, балдаққа сүйеніп, ота жасалған аяғыммен демеп, жүріп-тұруға жарап қалдым. Жақында ғана, 5 желтоқсанда екінші тіземе эндопротездеу жасаттым. Жаратқан қолдап, бұл ота да сәтті өтті. Қазір дәрігерлердің 1,5 айлық бақылауында жүрмін. Семіп қалған аяқ басқаруға оңай көне ме?! Енді дәрігерлердің айтуымен аяқтарыма күштеп жан кіргізіп, жүріп кетуге талпынып жүрмін. Бүгінде өте қуанышты күйдемін. Маған ота жасаған, әлі де ем-домдарын көрсетіп жүрген «Травматология және ортопедия» РМК-ның ақ халатты абзал жандарына айтар алғысым шексіз. Олардың отбастарына бақыт, әке-шешелері мен бала-шағаларына, туған-туыстарына ұзақ мәнді ғұмыр, өмірлеріне береке мен қуаныш тілеймін. Олар: ортопедия бөлімінің бас дәрігері А.Белокабылов, дәрігерлер – В.Серікбаев, Е.Новик, А.Константин. Аға медбикелер – А.Байболова, Б.Уақбаева, Б.Сәдуақасова. Медбикелер – Ғалия, Гүлдана, Толқын, Маржан. Санитар қыздар – Айсұлу, Бақыт, Нұргүл, Альмира.

Нағима ҚАМБАРҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды