АНАЛАРҒА – ЖАҢА ОРТАЛЫҚ

0 8

Бұған дейін «Strong mothers NS» қоғамдық қоры Байқоңыр ауданында «Bilim ALL» оқу орталығының жұмысын бастаған еді. 3 ай ішінде көптің сұранысына ие болып, жақсы нәтиже көрсеткен орталықтың екінші нысаны Сарыарқа ауданында ашылды.

Салтанатты шараға қала әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұрат, Ішкі сая­сат басқармасының басшысы Талғат Рахманберді, Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен мен орынбасары Әбдірахман Дауленбаев, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек, осы басқарманың жастармен жұмыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тастемір Ақұлан қатысты.
Орталықта көпбалалы, жалғыз­басты және ерекше қажеттілігі бар бала өсіріп отырған аналардың балалары ағылшын тілін тегін үйреніп, қосымша шахмат, домбыра, көркемөнер үйірмелеріне қатыса алады.
Сондай-ақ аналар да ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылық курсын тегін оқитын болады. Оқу орталығы алдағы уақытта ақпараттық кеңеске мұқтаж аналар үшін түрлі мастер-кластар, психологиялық тренингтер және заңгерлермен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three − two =