АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АЙЛЫҚ

0 119

IMG_9694

Астанада педиатриялық қызметті жетілдіру мақсатында жүкті әйелдер, жас аналар мен олардың балалары үшін «Дені сау ана – дені сау сәби» атты айлық басталды.

Айлық аясында қалалық медицина меке­мелерінде жоғары білікті мамандар тегін кеңестер беретін болады. Сонымен қатар, практикалық сабақтар өткізіледі. Оның барысында жас аналарға бала емізу принциптері баланы бағып-күту, аналардың дұрыс тамақ­тануы мен балаларды шынықтыру, сондай-ақ, механикалық асфиксия мен травматизмнің алдын алу туралы дәрістер оқылады. Отба­сылық қарым-қатынас, бала тууға дайын­дық және серіктеспен бірге босанудың ерек­ше­ліктері тақырыбында арнайы интерак­тивті оқыту сабақтары, әңгімелесу мен тренингтер ұйымдастырылады.

Шара барлық қалалық емханаларда, «Демеу» оқыту-практикалық отбасылық медицина орталығында, №1 және №2 перинаталдық орталықтарда, №1 және №2 балалар ауруханаларында және қалалық перзентханада өтеді. Айлық 16 маусымға дейін жалғасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × five =