АНАЛАРДЫҢ АҚ ПЕЙІЛІ

0 166

«Қазақстандық бірегейлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы Аналар кеңестерінің рөлі» тақырыбымен Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді.

011

Жиында 25 жыл бұрын Семей ядролық полигонының жабылып, Елбасының əлемдік қауіпсіздікті сақтаудағы рөлін айшықтауға арналған жиын барысында Аналар кеңесі қызметінің негізгі бағыттары, олардың өңірлердегі өзекті мәселелерді шешудегі маңызы айтылды.
Отырыс соңында Аналар кеңесінің «Əлем. ХХІ ғасыр» манифесі мен Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшіл бастамаларын қолдау туралы Қазақстан халқына үндеуі қабылданды.
Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі кеше Астанадағы «Отан Ана» алаңында Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған «Ақ орамал» республикалық шеруін өткізді. Жиналған жұрт мәңгілік алауға ядролық сынақ кезінде қаза тапқан және жапа шеккен боздақтарды еске алу мақсатында гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздік жариялады.
Бейбіт бастамаларды қолдау мақсатында қазақстандық әйелдер ақ ниеттің символы ретінде бастарына ақ орамал тартып, барша әлемді татулыққа шақыру мақсатында «Ақ орамал» акциясы арқылы үн қатуды жөн көрген. Бұл акцияға кеше Қазақстан бойынша ақ орамал таққан жарты миллион ана қатысты.

Мәдина ЖАҚЫП

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + 6 =