Аналарды ардақтады

0 10

Елордадағы Достық үйінде Отбасы күніне арналған «Мама» деген фотокөрме ашылды.

Қазақта «Жұмақтың кілті ананың табанының астында» деген қанатты сөз бар. Осы бір ауыз сөзге ананы қадірлеу, аялау, құрметтеу деген ұғымның бәрі сиып кетеді. Кез келген отбасының берекесі – ана. Сондықтан да отбасылар күніне орай ұйымдас­тырылған фотокөрмеде көп балалы аналардың суреттері көбірек қойыл­ған. Сонымен бірге экспозициядан отбасы құндылықтарын бейнелейтін фотоларды көруге болады.
Көрменің ашылуында елорда әкімдігінің бас инспекторы, Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Мөлдір Бөлебаева жиналғандарды Отбасы күнімен құттықтап, өмірге шуақ шашып жүретін аналарға, әйелдер қауымына амандық тіледі.
Сондай-ақ іс-шара барысында аналар кеңесінің ең белсенді мүшелері Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына арналған медальмен марапатталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six − three =