«Ана жаулығы» әлемді аралайды

0 100

Елордада «Ана жаулығы» халықаралық жобасы басталды. Белгілі қазақстандық суретші Лейла Махаттың идеясымен қолға алынған аталмыш жоба әлемді аралайды.Жақында Лейланың бастамасымен бір топ астаналық әйел орамалдарын біріктіре тігіп композиция жасады. Мұны еліміздің шаһарлары және әлем қалаларына жіберді. Қазіргі дейін бұл шараға Қазақстан шаһарларымен қатар Буркина-Фасо, Молдова, Түркия, Вьетнам, Үндістан, Австрия мен Словения қосылды. Осылайша жасалуы Нұр-Сұлтан қаласында басталған инсталляция көлемі ұлғайып, Қазақстан астанасына қайтып келеді.
– Кез келген әйел үшін орамал киім ғана емес, қасиетті зат саналады. Әсіресе, қазақ әйелі, ананы сыйлайтын қазақ азаматтары ақ орамалды кие тұтады. Осы шара туралы әңгіме бастағанымызда, әлем әйелдері де үн қосты. Қазір әр мемлекеттен бірте-бірте қосылып жатыр, – дейді Лейла Махат.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − three =