Ана кәсіпкерге айналса …

0 12

«Кәсіпкер ана» жобасы көпбалалы, жалғызбасты, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған аналарға жаңа мамандық игеруге және өз ісін бастауға көмектесіп келеді.

«Біздің курсымызға қатысушылар белгілі бір кәсіпті игеріп, оны дамытып, содан кейін өз бизнестерін ашады. Біз оларға көмек көрсетеміз. Қазіргі уақытта 5 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Оның ішінде 120 ана оқудан өтіп, сертификат алды. 20 ана өз бизнесімен айналысуда» дейді «Кәсіпкер ана» жобасының менеджері Жұлдыз Байболова.
«Кәсіпкер ана» курсына қатысушылардың бірі Айсұлу Хабибулина өзі бұрыннан қызығып жүрген шаштараз кәсібін осы жобаның көмегімен игерген. «Балаларым осы жобаға баруыма кеңес берді. Соның нәтижесінде «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз грант жеңіп алдым. Болашақта өзім таңдаған саланы терең меңгергім келеді» дейді Айсұлу Хабибулина.
«Кәсіпкер ана» әлеуметтік жобасы өткен жылдың қыркүйек айында басталды. Жобаға оқуға өтінішті @Kasipkerana_bot telegram-боты арқылы беруге болады. Бағдарламаның барлық жаңалықтарын @kasipker_ana Instagram парақшасынан да оқи аласыз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + fourteen =