Ән самалы желпіді

0 37

«Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы халық әні бөлімінің «Ән самалы» атты XVIII маусымының жабылу концерті өтті.Халықтың дәстүрлі музыкалық мұрасын насихаттап жүрген өнерпаздар осы маусымды қорытындылап, Алтай мен Атырау, Сарыарқа мен Жетісу арасындағы қазақтың ән өнерін насихаттады. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары шыққан лирикалық әндерді шырқады.
Соның ішінде музыка майталманы Нұрғиса Тілендиев, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов, биыл 85 жасқа толған көрнек­ті композитор Илья Жақанов, Теміржан Базарбаев, Мейрамбек Жанболатов, Әсет Бейсеуов, өмірден ерте озған әнші-композиторлар Бексұлтан Байкенжеев, Рымтай Бөдесов сынды өнер иелерінің туындылары шырқалды.
Концертте филармония солистері Айгүл Қосанова, Гүлзира Бөкейхан, Нұрай Танабаев, Тельман Нұркенов, Берік Омаров, Күнсұлу Тұрлыбекова, Перизат Тұрарова, Өзгеріс Шерікбай, Сәулежан Тағзия, Айнұр Қонысбаева, Әйгерім Нартуеева, Бейбіт Мұсаев, Данияр Мұқан, Жақсыкелді Маясаров, т.б. әншілер және «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 14 =