Ән салшы, жас сарбаз!

0 23

Нұр-Сұлтан қалалық «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы «Жас сарбаз-Тәуелсіздік тірегі» жобасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, онлайн «Әскери патриоттық әндер байқауын» өткізеді.

Сайысқа «Жас сарбаз» тәрбиеленушілерімен қатар, оқушылар және колледж студенттері қатыса алады.
«Үміткерлер 30 сәуірге дейін jassarbaz.astana@mail.ru электронды поштасына видеоролигін жолдауы керек. Қатысушылар жіберген видео­роликтердің үздіктері таңдалып, @jas_sarbaz_nursultan инстаграм парақшасына шығарылады. Шығарылған видеороликтердің авторлары 30 сәуірден-5мамырға дейін лүпіл, пікір жинайды. Видео­жазбамен қатар, қатысушының аты-жөні, мектеп (колледж) нөмірі, орындаған әннің аты және авторы белгіленуі керек» деп көрсетті ұйымдастырушылар.
Орындаушы әнді жанды дауыста орындау керек және фонда артық заттар болмауы тиіс.
Байқау жеңімпазы, байқау өтіп жатқан парақшадағы видеожазба астына жиналған пікірлер арқылы және төрешілер құрамының шешімімен анықталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 + one =