ӘН МЕН КҮЙ ТӨГІЛДІ

0 138

Елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде композитор Кәкім Ердібаев алғаш рет шығармашылық кешін өткізді. Кеш Астана күніне әрі сазгердің өнердегі жолына 30 жыл толуына арналды. Шығармашылық кешке белгілі күйші Жанғали Жүзбаев пен танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов қатысып, сазгерге шығармашылық табыс тіледі. Ән мен күй төгілген шараға сазгердің күмбірлеген күйлері мен әндерін сүйіп тыңдайтын тыңдармандар жиналды.

Кәкім Ердібайтегі Астанадағы №2 балалар музыка мектебінде және №54 мектеп лицейінде ән-күйден сабақ береді. Алғашқы әнін 16 жасында шығарған. Қазіргі таңда 200-ден аса ән, 40-қа жуық күй, сондай-ақ, түрлі музыкалық аспаптарға арналған шығармалардың авторы.

Кешке «Аламан» тобы, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева сынды әншілер қатысып, сазгердің әніне жазылған шығармаларды орындады. Сондай-ақ, «Сарыарқа» халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен бірнеше шығармалар тыңдармандарға жол тартты. Концерттің шырқау шегінде сазгердің өзі де шығармаларын орындап, тыңдарман қауымды серпілтіп тастады.

Ақмаржан КӨПЖАС

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × three =