«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ән-күй қанатында

0 14

«Qazaqstan» орталық концерт залында «Ән-күй қанатында» атты керемет кеш өтті.

Arman Eshmanov PH-68

Ұлттық музыкалық өнерді насихаттауға арналған концерт «Алаш» партиясының мүшесі, қазақ руханиятының дамуына зор үлес қосқан тұлға Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы мен домбырашы, әнші Мүгілсім (халық арасында Аққыз деп танылған) Ахметқызының 125 жылдық мерейтойына арналды. Кешті жүргізген «Халық қазынасы» мемлекеттік фольклорлық өнер бөлімінің басшысы Ерлан Рысқали орындалған әр шығарманың тарихымен көрерменді таныстырды. Сондай-ақ  Ахмет Байтұрсынұлы мен Аққыз күйші жайлы елге белгісіз тың деректермен бөлісті. Әуелеген әсем ән, күмбірлеген күй мен жыр жауһарлары орындалған ерекше кеште Қазақконцерт әртістері өнер көрсетті. Атап айтсақ, Жанғали Жүзбай, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова, Айгүл Елшібаева, Құмарбек Қалқатай, Күнсұлу Түрікпен, Дінисламбек Жайлаубай, Асқар Мұқият, т.б. әндерді нақышына келтіре орындады.

Концертке еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы келген өнерсүйер қауым әртістердің өнеріне зор қошемет көрсетіп, ұлттық музыкамыз ұлықталған кештің ұйымдастырушыларына алғыстарын жеткізді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды