Ән байқауында бақ сынады

0 208

Астана қаласы Білім басқармасы мен № 2 Өнер мектебінің ұйымдастыруымен № 53 мектеп-лицейінің сахнасында Халықаралық балаларды қорғау күні мен Астананың 15 жылдық мерейтойына арналған қалалық «Біз – Астана гүліміз!» атты балалар ән байқауы өтті. 

Астана қаласындағы жалпы бі­­­лім беретін мектептердің бас­тауыш сыныптары қатысатын бұл байқау екі жылда бір рет өт­кі­зіле­ді. Биылғы өткізілген байқаудың талаптарына сай шырқалатын ән­дер «Астана», «ту­ған жер», «ата-ана», «дос­тық», «бақытты бала­лық шақ» та­қы­­­­рып­­та­рын­дағы әндер болды. Бай­­­қау екі кезең­­нен тұрды: ірік­теу ке­зе­­ңі және негізгі байқау. Іріктеу кезе­­ңіне қала мектептерінен 45-ке жуық бүлдіршін қатысып, олар­дан 21 қатысушы сыннан сүрін­бей, негізгі кезеңге жолдама ал­ды. Балғын әншілердің өнерін тама­ша­лап, баға берген қазақтың ән өне­­ріне салмақты үлес қосып жүр­­ген Клара Төленбаева, жас өнер­­паз­­дарды тәр­биелеу жолында жүр­ген ұлағатты ұстаздар Күнім­күл Сайлауқызы, Гүлмира Жангел­­діқызы болды. Сахнаның сәнін келтіріп, гүлдей жайнаған бүлдір­шін­дер арасында Бас жүлдені № 64 мектеп-лицейінің оқушысы Бек­арыс Байбуринов жеңіп алды. Же­­тек­шісі – Толқын Сәрсенбаева. Бі­рін­ші орынды № 38 мектеп-ли­цейі­­нің оқушысы Бота Алтынхано­ва иеленсе, екінші орын № 54 мек­­теп-лицейінің оқушысы То­ми­рис Байбуланова мен № 48 мектеп-лицейінің оқушысы Қа­сие­т­али Құдайбергенге және үшін­ші орын № 23 орта мектептің оқу­шы­­сы Жанна Кенжебек, № 58 мек­­­теп-гим­назияның оқушысы Мұ­ха­­­мед­­әли Жү­гү­нісов, № 30 мек­­теп-гим­­назияның оқушысы Дая­на Әсем­баева мен № 49 орта мек­тептің оқушысы Тұмар Тұр­сынға бұйырды. Байқаудың барлық қаты­су­шылары мен жетек­шілері мақ­тау қағаз­дарымен марапатталды. Жүл­делі орындарға ие болған қатысу­шылар 1- маусым – Халық­аралық бала­ларды қорғау күні мерекесіне орай өткізілетін «Біз – Астана гүліміз!» атты қалалық Гала-концертке қатысуға жолдама алды. Пәк сезіммен, бала жүрекпен шырқаған бүлдіршіндердің әніне риза бо­лып, сүйсінген көрермендер қо­ше­метке жомарт болды.

Ләйлә ТЕЗЕКПАЕВА,
№ 2 Өнер мектебі директорының тәрбие іс жөніндегі орынбасары

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 + seventeen =