Амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

0 530

Денсаулық сақтау саласы мемлекеттің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Халықтың жай- күйінің тұрақты және бір қалыпты болуы оған тікелей байланысты. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы медициналық қызметтің сапасын, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруді арттыруға бағытталған жаңа стратегиялық даму мен мемлекеттік бағдарламалардың уақыты болды.

Қазіргі уақытта Үкімет және Қазақ­стан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің сапалы және қазіргі заманғы жүйесін дамыту мен жетілдіруге, сондай-ақ, ушығулар мен емдеуге жатқызу жағдайларын төмендетуге ерекше көңіл бөлуде. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында, да­му­дың басым бағыттарының бірі халықтың амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетіл­діруге үлкен көңіл бөлінген.

2012 жылдан бастап амбулато­риялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетіл­діру бойынша негізгі іс-шараларды іске асыру басталды. Өткізіліп жатқан реформалардың негізгі мәні пациентке, оған көрсе­тілетін дәрілік көмектің сапалылығы мен қолжетімділігін артты­руға ба­ғыт­талған фокусты айқындаумен тоғысады.

Бүгінде, позитивті қозағлыстарды байқауға болады. Осылайша, 2012 жылдан бастап пациенттер, бұдан бұрын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде тегін негізде боса­тылған және препарат құнының 50% өз қаражаты есебінен төленген дәрілік заттарды тегін алатын. Амбулаториялық деңгейде тегін берілетін дәрілік заттардың тізбесінің 2012 жылы 40 пайызының 179-дан 276-ға өскенін де атап өт­кен жөн. Дәрілік заттардың көлемінің ұлғайғаны жү­ректің ищемиялық ауруы, артериалды гипертензия, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, пневомония, асқазан жарасы ауруы, созылмалы өкпе жетіспеушілігі, жүрек қызметінің артемиясы сияқты ауруларды қамтыды. Тізім жекелеген ауруларды біріктіру, дәлелді медицина позициясы бар және дәлелді тиімділігі жоқ препараттарды қоспағанда дәрілік заттарды қайта қарау арқылы оңтайландырылды.

Азаматтар тегін дәрілік заттарды емханадан шықпай-ақ медицина ұйымдарында ұйымдастырылған арнайы дәріхана пункттерінде ала алатындығының маңы­зы зор. Сонымен қатар біздің халқымыз үшін маңызды жағдайларды осы жылдың басынан бастап енгізілетін Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі әкеледі деп күтіледі.

Дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету мүмкіндігіне және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру шеңберінде амбулаториялық деңгейде препараттарға қолжетімділікті жетілдіру үшін де ауқымды жұмыстар жүргізілді. Амбулаториялық деңгейдегі қамтамасыздандыруға бөлінген барлық қаржы қаражаттарының 54 пайызын алатын аурулар бойынша қымбат тұратын дәрілік заттар 2012 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен сатып алынады, ал босатылған жергілікті бюджет қаражаты тізбедегі аурулардың орнын толтыруға жұмсалатын болды. Бұл диспансерлік есепте тұрған пациенттерді қажетті препараттармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Бұдан басқа, басқармаларға жылдың басында дәрі-дәрмектің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету үшін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен бір көзден қамтамасыз ету бойынша дәрілік заттарды сатып алуға мүмкіндік беретін нормативтік актілерге қажетті өзгерістер енгізілді.

Рәсімдердің шынайылығын қамта­масыз ету және пациенттерді есепке алуды жақсарту үшін жылдың басында аурулар бойынша диспансерлік нау­қастардың тіркелімдері құрылды.

Осы іс-шараларды іске асыру біздің азаматтарымызға 2012 жылдың басынан бастап біздің азаматтарымызға дәрілік заттарды емханалардан тікелей тегін алуға мүмкіндік берді.

Дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету мәселелері әрдайым өзекті болды. Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығына күн сайын тұрғындар тарапынан көптеп қоңыраулар түседі. Тегін ортақ телефон желісіне тек 2012 жылдың басынан бастап, Қазақстанның барлық жерінен 22 мыңнан астам қоңыраулар келіп түскен. Адамдар жүргізіліп жатқан реформалардың оң тиімділіктерін байқай отырып жиі-жиі алғыстарын айта бастады.

Батима апа, зейнеткер, Астана қала­сында өмір сүреді:

«Мен, көп уақыт бойы артериалды қан қысымымен зардап шегемін. Диагнозды айқындағаннан кейін мені емханаға диспансерлік есепке қойды. Дәрігердің консультациясынан кейін ай сайын маған жеңілдік тарифі бо йынша 50% жеңілдікпен препараттарға рецепт беретін. Бұдан бұрын мен жеңілдік құны бойынша алатын препарат енді тегін берілетін болады. Шынында да ай сайын маған берілетін рецепт, енді тек – тегін препараттарға ғана беріледі. Осындай қолдау мен қамқорлық үшін, мен өзімнің алғы­сымды біздің Президентімізге, Ден­саулық сақтау министрлігіне біл­діргім келеді! Бұл диспансерлік есепте тұрған әрбір адам үшін айы­рықша көмек. Бәрімізге белгілі Ресейде препараттар тек мүгедектік топтары бойынша ғана тегін беріледі. АҚШ-та сақтандыру полисі бойынша, ал, егер сен сақтандырылмасаң? Сондықтанда жүргізіп жатқан қолайлы реформаларыңыз үшін мың алғыс».

ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы

Жұмыс күндері Астана уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қоңырау шалыңыздар – 8 800 080 88 87 (қоңырау шалу тегін).
Толық ақпарат www.druginfo.kz сайтында

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × two =