АМАННЫҢ АМАНДЫҒЫ ҮШІН

0 157

115e7b08deab4fa19876cee4c625e2f0

Елордалық футболшылар қалалық нөмірі екінші балалар ауруханасында болып, ауыр дерттің зардабын ерте татып жатқан Аман Болатхан есімді нәрестенің жағдайымен танысты. Футболшылар өсіп-жетілуі баяулаған бір жарым жасар баланың көңілін аулау мақсатында сыйлықтар ұсынып және оған қаржылай қолдау көрсетіп қайтты.

Естеріңізде болар, премьер-лига ойындарының кезекті турында «Астана» өз алаңында «Таразды» қабылдап, 1:0 есебімен басым түскен болатын. Сол ойындағы жанкүйерлерден түскен қаржы Аманның еміне жұмсалатыны туралы алдын ала айтылған еді. Солай болды да. Енді сәбидің Испанияға барып ем-дом алып қайтуына мүмкіндік туып отыр. Бала денсаулығына аз да болса оң ықпал еткен спортшылар, міне, осылайша қайырымдылықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Елордалық футболшылар қазір ел біріншілігінің 4-турынан кейін 10 ұпаймен көш бастады. «Ақтөбе», «Атырау», «Жетісу» командаларының тең нәтиже көрсетуі астаналықтардың алға шығуына сеп болды. «Астанадан» кейінгі үш команданың еншісінде 8 ұпайдан бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 + sixteen =