Аманат арқалаған Алпамыс

0 120

Премьера! Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының аясында М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры қазақ халқының қаһармандық жыры «Алпамыс» эпосының желісі бойынша «Аманат» қойылымын ұсынады.

zha_1984

Қазақ халқының ауыз әдебиетінде «Алпамыс батырдың» орны ерекше. Батырлық эпос – 1000 жылдан астам уақыт бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан асыл мұрамыз. Аңыз қазаққа да, барша түркі тілдес халыққа да ортақ. Алпамыс әділеттілік үшін күрескен батыр ғана емес. Бүгінде ол тәуелсіз ұлттың жауынгерлік рухын танытады. Ал сол тәуелсіздікті сақтап қалу келешек ұрпаққа аманат. Батырлық эпос жас буынды патриоттық сезімге баулу және Отанын қорғауға ұдайы әзір болуға даярлау мақсатында репертуарға енгізілді.

Эпосты қоюшы-режиссер – ҚР еңбек сіңірген әртісі Бекболат Парманов, қоюшы-суретші – Қырғызстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Юлдаш Нурматов. Батырдың костюмдерін дәуіріне сай етіп жасаған суретші Зухра Мукамбетова да Қырғыз елінен келді.

Қойылымды 5-6 қараша күндері сағат 18:00-де тамашалауға болады.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − 8 =