«АЛЖИРГЕ» АРНАЛҒАН АЛҒЫСТАР

0 107

 

Саяси-қуғын сүргiн және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенiнiң ашылғанына биылғы жылдың 31 мамырында 5 жыл болады. Осы аз уақыттың iшiнде ол елiмiздiң ғана емес, әлемдiк деңгейдегi қонақтар ат басын бұрып тамашалайтын  шаңыраққа айналды. Құрметтi қонақтар пiкiрi кiтабынан олардың мұражай туралы жүректен шыққан сөздерiн толқи отырып оқымау мүмкiн емес.

Келушiлер ең алдымен аз уақыттың iшiнде осынау таңғажайып ғимарат салып бер­ген Елбасына алғыстарын айтады, шын жүректен шыққан ризашылықта­рын бiлдiредi.
Америкадан келген саяси ғылымдар докторы, профессор Джон Уильямс бы­лай деп жазады:
– «Ешқашан қайталанбайды». Бұл сөз барлық халықтардың бүгiнгi және ертең­гi ұраны болуы керек. Бұдан былай ха­лық ешқашан да диктатордың тепкiсiнде бол­мауы қажет. Барлық ұлттар тегiне, жы­нысына қарамай бiрдей қорғалуы тиiс».
«АЛЖИР» мұражайының қабырғасын­дағы белгiлер «мұндай қасiрет ешқашан қайталанбасын» деген сөзге сендiредi».
«Мұндай тамаша мұражайды көргенiме аса қуаныштымын. Мұражайда адамдар­дың қайғы-қасiретi, жан жарасы айқын  көрсетiлген. Сондықтан да мұражай қызметкерлерiне Австралия Парламентi делегациясының атынан  алғыс айтамын.
Менiң бұл пiкiрiмдi осынау ұмытыл­мас жапа шегу мен жантүршiгерлiк оқи­ғадан туған таңданыс деп қабылдаңыздар, – деп өз қолтаңбасын Австралия Парла­ментiнiң спикерi П.Слиппер қалды­рыпты.
Америка Құрама Штаттарының Пен­силь­вания университетiнен келушiлер мұражайдың тарихы дүниежүзi үшiн аса маңызды екендiгiн, «АЛЖИР»-де отыр­ған әйелдердiң намысы мен батырлығына таң қалғандықтарын жазады.
Украинаның халық депутаты Олег Лешко: «Сталиндiк режимнiң қылмыс­тық iстерi ешқашан ұмытылмайды. «АЛЖИР» құрбандарына – мәңгi тағ­зым» дейдi. Москвалық белгiлi жазу­шы С.Кинеев мұражайдың экспонаттарына үлкен қызығушылық танытқанын жа­сыр­­ма­ған. Және мұражай ұжымының кә­сiби шебер­лiктерiне ризашылық бiлдiрген.
Ғылым докторы Л.Н.Гумилев атында­ғы Еуразия Ұлттық университетiнiң про­ректоры Д.Қамзабекұлының «АЛЖИР» отанымыздағы айрықша тағылымды орын ретiнде уақыт өте келе әлемдi таңғалдыратын тарихи мұражай болады», – деген пiкiрi де  жүрекке жылы тиедi.
Мұндай жүрекжарды лебiздердi мұра­жайды тамашалаушылардың жиi айтып жатуы бiздi сол абырой бигiнен көрiнуге жетелейдi.

Бейбiтбек Әбдiкәрiмов,
мұражай қызметкерi

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × two =