«АЛЖИР» құрбандары еске алынды

0 164

Бүгін Астана іргесіндегі Ақмол ауылындағы саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде арнайы шара болып өтті. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған қаралы жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бастаған қонақтар қатысып, гүл шоқтарын қойды. 

Іс-шараға сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, «АЛЖИР» деген атаумен белгілі болған азап лагерінде тұтқында болғандардың ұрпақтары, сондай-ақ елорда тұрғындары қатысты. Қаралы жиында сөз алған Мемлекеттік хатшы тарихымыздағы ол оқиғалардың ешқашан ұмытылмайтынын және енді мұндай қасіреттің қайталануына жол берілмейтінін айтты. «1921-1954 жылдары 3,7 млн-нан астам адам сотталғанын, оның 640 мыңнан астамы атылғанын, соның ішінде Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин сияқты Қазақстанның зиялы қауым өкілдері, Кеңес халық комиссариаты басшылары, облыстық партия комитеті хатшылары, облыстық атқару комитеттерінің төрағалары секілді мемлекеттік қайраткерлері болғанын ешқашан ұмытпаймыз» деп атап өтті.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × one =