АЛЫСҚА БАСТАЙТЫН АКЦИЯ

0 109

DSC_5621

Астана экономикалық форумы кезінде алты қазақстандық байкер еліміздегі «G-Global» мен «EXPO-201» көрмесін Еуразия континентінде әспеттеу үшін жолға шықты.

Акцияға қатысушылар Ресей, Финляндия, Швеция, Норвегия, Франция, Италия, Түркия сынды 20-дан аса елдерді аралап, Астананың туған күні – 2014 жылдың 6 шілдесі күні елге оралады

Мотошерудің мақсаты – «EXPO-2017» халықаралық көрмесі мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «G-Global» диалогтық бірегей алаңын әлемге насихаттау. Мотошерушілерді аттандыра отырып, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығының Үйлестіру комитетінің тең төрағасы Серік Нөгербеков бұл күн біздің еліміз үшін өте маңызды екендігін айта келіп, күллі әлем Қазақстандағы бастамаларды осы акция арқылы да танитынына сенім білдірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × three =