Алыпсатарлық жасаған дәріхана иелері анықталды

0 34

Қалалық прокуратура, полиция, мемлекеттік кірістер, экономикалық тергеу, фармацевтикалық бақылау қызметкерлерінен тұратын ұтқыр топ дәрі-дәрмектерді үстеме бағамен өткізіп, алыпсатарлықпен айналысатындарды анықтау үшін күн сайын жұмыс жүргізеді.Соның бірі – I-teka қосымшасын қолдану арқылы әлеуметтік желілердегі (Инстаграм, Facebook, Тelegram, WhatsApp) хабарламаларды зерделеп, бағаларды қадағалап отырады. 17 шілдедегі жағдай бойынша, 30 дәріхана дәрі-дәрмектерді, сонымен қатар Қазақстанда тіркелмегендері де бар, қымбат бағамен сататыны анықталды. Қаралған материалдар негізінде 11 дәріхананың иесі фармацевтикалық қызмет ережелерін және дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Олардың әрқайсысына 180 570 теңге айыппұл салынды.
Атап айтқанда, «Лайм Фарм» ЖК, «Асильбаева Д.А.» ЖК, «Ансар-Фарм» ЖШС, «Medi Lab Smartpharma» ЖШС, «Баязитова Ж.К.» ЖК, «Абдильбаева А.Т.» ЖК, «Мамаева А.К.» ЖК, «Сулейменова А.Ж.» ЖК, «Базикова и ЮК» ЖШС, «Фарм-Бизнес Астана» ЖШС, «Бермаханова К. Ш.» ЖК.
«Егер заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, фармацевтикалық қызметпен айналысу лицензиясының қолданысын бір айдан алты айға дейін тоқтата тұру түрінде жауапкершілік қаралады» делінген Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасының хабарламасында. Сондай-ақ уәкілетті орган мамандары 19 дәріхана бойынша жинақталған материалдарды тексеруде. Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмектерді сату фактілері бойынша екі құқық бұзушыға қатысты материалдар сот қарауына жіберілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + 12 =