Алып аққала

0 60

Нұр-Сұлтан қаласындағы Көктал саябағында елімізде ғана емес, Орта Азияда бойынша ең үлкен аққала орналасқан. Оның биіктігі — 10 метр.

Әсемдігімен көз тартатын ерешке мүсіннің күндізгі келбеті өз алдына, түнгі мезгілдегі көрінісі тіптен бөлек. Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Әбдірахман Дәуленбаевтың айтуынша, алып аққаланың салынуына бюджет қаражаты бөлінбеген.
«Елорда әкімдігі мен Сарыарқа ауданы тұрғындарының ынтасы мен бірлескен күш-жігерінің арқасында ауданның да, қаланың да көрікті жеріне айналған Аққала пайда болды. Жоба авторы — белгілі мүсінші-суретші, «Қазақ елі» монументінің авторы Сембіғали Смағұлов» дейді Әбдірахман Дәуленбаев.
Урбанистика орталығының жетекшісі Елнар Базыкен аққала қаңқасыз жасалғанын мәлім етті.
«Аққаланы салу кезінде белгілі бір қиындықтар болды, өйткені қатты аяздың салдарынан қар дұрыс жабыспай, құм сияқты шашылып жатты. Оның биіктігі — 10 метр, шарфының ұзындығы — 20 метр. Қалпақтың орамы — 5 метр» деді Елнар Базыкен.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 4 =