АЛУАН ПІКІР АЛМАСТЫ

0 87

Кеше «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Көзқарас» дискуссиялық клубы мүшелері «Қазақстан-2050» стратегиясын талқылады.

Қа­лалық мәслихат, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты және өзге де пар­тиялардың белсенді мүшелері қатысқан жиында «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында жұмыспен қамтамасыз ету саясатын жаңғырту» тақырыбы кеңінен сөз болды.

Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаеваның айтуынша, бүгінде елордада әлеуметтік көмек алушылар саны біршама төмендеген. Өйткені, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында көптеген азаматтар екі қолға бір кү­­рек тауып, тұрақты жалақымен қам­та­ма­сыз етілді.

«Біз қазір жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейін бағындырдық. Бұл – үлкен жетістік. Біз үшін маңызды міндет – қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту. Елбасы Жолдауында айтылғандай басты мақсат та осы – азаматтарымыздың әлеуметтік қауіпсіздігін сақтау болып табылады» деді Алма Қуандыққызы

«Көзқарас» партияаралық клубы бүгінде заң шығарушы органдар мен саяси партиялардың, азаматтық қоғам мүшелерінің жұмыспен қамту, еңбек қарым-қатынастарының саясатын жаңғырту және жаңа үлгісін қалыптастыруды көздейтін нағыз пікір алмасу алаңына айналып келеді.

Қызғалдақ ҚЫДЫРБЕК,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың студенті

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − four =