©2020 Астана Ақшамы
Алтыншы шақырылымның қалалық мәслихат депутаттарының және Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының назарына!
2019 жылдың 27 маусымда сағат 10.00-да қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) алтыншы шақырылымның Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезекті сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Нұр-Сұлтан қаласының аумағында туристік қызмет саласындағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру және жұмысын үйлестіру барысы туралы.
- Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі.
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы.
- Жер учаскелерін мемлекеттік мұктажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттардың жобаларын келісу туралы.
- «Астана қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың тәртібі мен шарттары туралы қағида туралы» Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 340/48-V шешімінің күші жойылған деп тану туралы.
- «Алтыншы шақырылым Астана қаласы қалалық мәслихатының хатшысын сайлау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 25 наурыздағы № 1/1-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы .
- «Алтыншы шақырылым Астана қаласы қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын ұйымдастыру туралы» Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 25 наурыздағы № 2/1-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Алтыншы шақырылым Астана қаласы қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын сайлау туралы» Астана қаласының мәслихатының 2016 жылғы 25 наурыздағы № 3/1-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Астана қаласының қоғамдық кеңесі құрамы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы №364/45-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Нұр-Сұлтан қаласының ведомствоаралық комиссияның кейбір мүшелерінің құрамдары.
- 11. Қалалық мәслихаттың сессияларында айтылған сын-пікірлер мен ұсыныстардың орындалу барысы туралы.
- Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясына қарауға енгізілетін негізгі мәселелер туралы.
- Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы
Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы Ж. Нұрпейісов
Анықтама телефондары: 55-66-35, 55-66-36