©2020 Астана Ақшамы
Алтынсаринге автобус қатынайды
10 ақпаннан бастап Астанадан Ы.Алтынсарин ауылына (96-разъезд) қатынайтын жаңа бағдар іске қосылды.
№319 бағдар «Рахмет» сауда орталығы аялдамасынан қозғалып, Н.Тілендиев даңғылы, Астрахан тасжолы бойымен жүреді. Одан әрі оңға бұрылып, Д.Қонаев көшесін бойлап, Торғай көшесінің қиылысынан Ы.Алтынсарин ауылына шығады. Кері бағытта да ұқсас қозғалыс сызбасымен жүреді.