«Алтын қордағы» құнды мұра

0 42

Жақында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жүз жылдық тарихы бар «Алтын қорды» халық игілігіне ұсыну бойынша кешенді жұмыстарды бастады. Соның аясында altynqor.com
cайты іске қосылды.

263653532_4661890967187233_7067944976194091886_n

Платформа қазақ телевизиясы қорындағы 1930 жылдардан бергі видео мен Қазақ радиосы қорындағы 1921 жылдан бергі құнды аудиоматериалдарды көріп, тыңдауға мүмкіндік береді. Сайт «Бейнеқор», «Аудиоқор», «Тұлғалар» және «Фотоархив» бөлімдерінен тұрады. Сайт қорына жыл сайын 1000 материал салынбақ. Яғни, сайтты толтыру ісі тұрақты түрде жалғасады.

«Бейнеқор» бөлімінде С.Әшімбаев, Ш.Мұртаза, ­­­С. Оразалин жүргізген «Парыз бен қарыз», «Ұлт және сана», «Сұхбат» бағдарламаларымен қатар, әр жылдардағы «Тамаша», «Халық қазынасы», «Асыл мұра», «Адам іздеп жүрмін», «Келесі аялдама», «Кеш жарық», «Күлтөбе», «Шынның жүзі» сынды 800-ден астам бөлімнен тұратын 50 телехабар циклы, «Советтік Қазақстан» киножурналы мен «Қазақтелефильм» өндірістік бірлестігінің жобалары бар.

«Тұлғалар» бөлімінде К.Әзірбаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, Ш.Жиенқұлова, К. Байсейітова, Ш.Айманов, Ш.Айтматов, Қ.Мырза Әлі сынды тұлғалардың қатысуымен әр жылдары түсірілген бейнетоптамалар мен аудиохабарлар жинақталған.

«Аудиоқор» бөліміне 1954 жылдан бергі сақталған М.Әуезов, С.Мұқанов, І.Есенберлин, Б.Соқпақбаев, Ғ.Мүсірепов сынды 100 ұлт қайраткерінің әр жылдары жазылып алынған дауыстары, Қ.Байжанов, К.Әзірбаев, Қ.Бабақов, Ә.Қашаубаев, Ж.Елебеков, Ж.Кәрменов, М.Ешекеев сияқты қазақ ән өнері майталмандарының дауысымен жазылған 132 ән, әр жылдары Қазақстанда жүргізілген экспедицияларда жазылған шешендік өнер жайындағы сұхбаттар, Батырлар жырының 50 нұсқасы, 100 күй, 100 ертегі нұсқасы, «Сыңсу», «Бесік жыры, «Жар-жар», «Беташар», «Жарапазан», «Жоқтау» сынды тұрмыс­тық-ғұрыптық әндер енгізілді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 − three =