АЛТЫН ПАРАҚ

0 314

Қазақ ұғымындағы тұлғалық қа­сиет адамның халық игілігі үшін қызмет етуінен көрінеді. Шал­киіз жыраудың сөзімен айт­­сақ, «Керекті күні алдыңда, ға­зиз­ленген сұлтан жаным аяман» деген серттегі тұлғалар қа­зақ даласында болған, әлі де бар.

Тұл­ғалық қасиетке ие адам­дардың араға ғасыр салып, не болмаса одан да ұзақ мер­зімде дүниеге келетіндігі та­би­ғи құбылыс. Сондықтан, тұл­ғалық қасиет адамзат үшін қа­дірлі. Елдік мұрат үшін кү­рес – күрестердің ұлысы. Ұлы қа­зақ даласы талай ғасыр тол­ға­тып, тектілігі терең, ақыл-ойы кемел, рухы биік, аңсары ас­қақ тарландарды сыйлады. Ха­лықты бақытты етудің жо­лын­ іздеп, жалаң қолымен от ұс­та­ған сол жампоздардың ұлы ұстанымы елдік мұраты, қазақ са­насында әлі жасап келеді. Ба­тыр баба, абыз аталардың кө­кейін тескен азаттық арманы бү­гін ғана орындалды.

Қазақтың тағдыры өз күлі­нен­ өзі қайта жаратылатын фе­никс-құстың болмысы сияқ­ты. Ата тарихтан белгілі, қа­­зақ көрмеген қасірет жоқ. Ең­ бастысы, ата-баба аманаты­на қиянат жасалған жоқ. Нұрсұл­тан Назарбаевтың бабалар ру­хы­нан тамыр тартқан азаттық идеясы жүзеге асты. Азат ел­дің астанасы Арқа төріне қо­ныс тепті, мемлекет өзінің бағ­дарын айқындады. Қазақ елі­нің тәуелсіздігін нығайтуда Нұр­сұлтан Әбішұлының тұлғалық қа­сиеті жан-жақты көрінді.

Тұлғаны тарихтың қалып­тас­тыратыны белгілі. Ал, Қа­зақ­стан мемлекеті үшін әр­бір сәт – тарихтың алтын па­ра­ғы. Ел басқарып отырған тұл­ғаның тектілігі мен рухы халықты жарқын болашаққа қа­рай жетелейді. Саясат пен ғылым тұлғаны қалыптастыруы мүмкін, бірақ жасай алмайды. Нағыз халықтық тұлға қарапайым халықтың арасынан шығып, елдік мұрат жолындағы қажырлы еңбегімен ғана тарихта қалады.

Хамит ЕСАМАН

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × two =