Алтын күз әуендері

0 59

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы елордада «Алтын жүрек» ескерткішінің маңында және Орталық саябақта қала тұрғындары мен қонақтарына «Алтын күз» деп аталатын концерт берді.

DAR05467
DAR05469
DAR05472
DAR05476
DAR05482
previous arrow
next arrow

Филармония директоры Ерлан Дакеновтің айтуынша, күздің осы бір соңғы шуақты жылы күндерінде қала қонақтары мен тұрғындарына карантин режимін сақтай отырып, демалыс күндерін мерекелік көңіл-күйде өткізуге атсалысу – өнер ұжымының мақсаты болған. Төл мәдение­тіміз бен ұлттық өнеріміздің жауһар жырларын үнемі насихаттайтын филармонияның бұл концерті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
– Күз – береке бастауы, молшылық мезгілі. Еңбектің қадірін білген қазақ халқы күзді ырыс-несібе деп ерекше қадір тұтқан. Сондықтан көптен концертке бармаған қала тұрғындарына күн әзірге жылы болып тұрғанда ауа райының қолайлы сәтін пайдаланып, қаламыздың саябақтарында ұлттық өнерімізді тағы бір рет паш еткенді жөн санадық. Оның үстіне қазір барлық жерде театр маусымдары ашылып жатыр. Сол себепті бұл шағын да болса шын жүректен елге арналған концертіміз көптің көңілінен шығады деген сенімдеміз, – дейді филармония басшысы.
Ашық аспан астында өткен шарада «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, «Қорқыт» этно ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблі, «Әлем» эстрадалық би ансамблі, «Үрлемелі» оркестр артистері, «Халық ән» және «Классикалық және эстрадалық вокал» бөлімінің әншілері өнер көрсетті.

– Қазір пандемия кезінде көп жерде халық жабық мекемелерде концерттерге бара бермейді. Сондықтан далада осылай елорда филармониясының өнерпаздарымен қатар эстрадамыздың жарық жұлдыздары – Қанат және Света Айтбаевтар, Естай Мұқашев, әнші Дос, көптеген жас әншілер халықтың көңілін көтеріп, өнерін көрсетуде, – дейді мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, филармонияның әншісі Нұрбол Балапанов.

WhatsApp Image 2021-09-19 at 22.10.33
WhatsApp Image 2021-09-19 at 22.10.36 (1)
WhatsApp Image 2021-09-19 at 22.10.36
WhatsApp Image 2021-09-19 at 22.10.38
WhatsApp Image 2021-09-19 at 22.10.34
previous arrow
next arrow

Қатысушылар достықтың ақ жалауын желбіреткен киелі ел, қасиетті өлке Қазақстан халқы мен елордалықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, бақытты өмір тіледі. Тұрғындардың бірқатары саябақтарда қыдырып жүріп, концерттің үстінен түссе, кейбіреулері паркте ойнап жүрген немерелерінен естіп, үйінен ерінбей келіпті. Араларында астанада тұратын балаларына қыдырып келген елорда қонақтары да көп болды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − eighteen =