Алтын күреген арулар

0 14

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстанның боксшы әйелдері сегіз алтын медаль жеңіп алды.
Осы рекордтық көрсеткішке орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев байрақты бәсекеден жүлделі қайтқан қыздарымызды жеңісімен құттықтап, «Бұл тарихи жеңіс­теріңіз тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына жасалған тамаша тарту» деп ықыласты лебізін білдірді. Осылайша Ерік Алғабек жаттықтыратын қазақстандық боксшы қыздар Азия біріншілігінде 8 алтын, 1 күміс және 1 қола медалімен жалпы есеп бойынша көш бастады.

 Бұл – бокстан Қазақстан әйелдер командасының рекордты көрсеткіштерінің бірі. Бұған дейін қазақстандықтар Азия біріншілігінен сегіз алтын алмаған болатын.
Біздің команда сапынан Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Валентина Хальзова (69 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) чемпион атанды. Ал Владислава Кухта (57 келі) ақтық сында сүрініп, күміс жүлдегер атанса, Марина Вольноваға (75 келі) құрлық додасының қола медалі бұйырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 1 =