«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алты сағат ашық аспан астында

0 231

«Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда «Ұлы дала бірлігі» атауымен Астананың 20 жылдығына арналған Open air, яғни ашық аспан астындағы концерт өтті. Қазақстанның және Ресейдің белгілі әншілері қатысқан шоу алты сағатқа созылды.  

Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов­тың айтуынша, елордада ашық аспан астында үлкен концерт өткізу дәстүрге айналды. Былтыр осындай шоу «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналса, биылғы концерт елорданың мерейтойына арналды. Оның деңгейі де шетелдік шоу­лардан кем түспеді. Алаңға қарақұрым халық жиналып, бұл жолы концертті 80 мыңға жуық адам тамашалады.
Жалпы 30-ға тарта әнші, атап айтқанда, Маржан Арап­баева, Қайрат Нұртас, Ринат Мальцагов, Бейбіт Құшқалиев, Мөлдір Әуелбекова, Райым мен Артур, «Ринго», «Музарт Life», «91» топтары, Дима Билан, Натан, Сергей Лазарев, «Градусы» тобы, Анна Седакова, Лена Темникова, Макс Барских, Анна Семенович, т.б. халықтың көңілін көтерді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды