Алты айда – жеті мыңнан аса баспана

0 79

534f44c98515267da7138957665

Астанада тұрғын үй салу қарқынды қолға алынған. Тек биылғы алғашқы жарты жылдықта ғана елордада жалпы ауданы  766 427 шаршы метр 7108 пәтер пайдалануға берілді.

Қалалық Статистика департаментінің хабарлауынша, жыл басынан бері жалпы ауданы 1037389 шаршы метр жаңа ғимараттар тапсырылды. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 45 392 056 мың теңгеге жетті.
Осы орайда қалада 766 427 шаршы метр тұрғын үй, 11455 шаршы метр амбулаториялық-емхана ғимараты, 14099 шаршы метр мектепке дейінгі білім беру мекемесі салынды.
Пайдалауға берілген ғимараттардың жалпы ауданы Алматы ауданында – 457042 шаршы метр, Есіл ауданында – 448427 шаршы метр, Сарыарқа ауданында 131920 шаршы метр болды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − fourteen =