АЛПЫСЫНШЫ ЖЫЛДАР АЙШЫҒЫ

0 94

Қазіргі заман өнері мұражайы мен Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері музейі бірлесіп «60-жылғылар: түркі романтизмі» көрмесін ашты. Айтары мол айшықты көрмеге қала жұртшылығы, өнертанушылар мен қылқалам шеберлерінің тұстастары қатысуда.

Мұнда өткен ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанның бейнелеу өнері саласына лек-легімен қосылып, осынау өнерді өркендеткен бір шоғыр майталманның картиналары қойылған. ХХ ғасырдағы бейнелеу өнерінде ұлттық нақыш бел алды. 60-жылдарғы қазақ бейнелеу-сурет өнерінің өкілдері ескі мен жаңаның тоғысында өнерге де, бұқараның танымы мен қабылдауына ұлттық колоритті барынша сіңірді.

Келушілер Әбдірашит Сыдыхановтың, Салахиддин Айтбаевтың, Оралбек Нұржұмаев пен Тоқболат Тоғысбаев сынды тарландардың туындыларын тамашалауда. «Мен әріптестерімнің қолынан шыққан картиналарына қарап, көзін көргендей болып отырмын. Бәріміз бір қолдың саласындай болып жүруші едік, солардан мен-ақ қалыппын. Бұл жігіттердің өнері мәңгі жасайды» – деді суретші Тимур Сүлейменов.

Көрме тамыздың 20-сына дейін жүреді.

Раушан ТӨЛЕНҚЫЗЫ

*СҮБЕЛІ СӨЗ

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ,
ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы:

Бұл жерде менің достарымның еңбектері қойылғанына қуанып отырмын. Олар теңдессіз қылқалам шеберлері еді. Күні кеше ғана шығармашылықтың тайқазанын тасытып жүрген азаматтар еді, өнерін соңына қалдырып өздері кетіп қалды. Олардың өнерінің қадірін білетіндердің осындай игі іс жасап жатқанына қуаныштымын. Мұнда қойылған дүниелердің жазылуының кейбірінің басы-қасында болып едім.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 4 =