АЛМАТЫНЫҢ «ҚАЙРАТЫ»

0 103

imgID34455045.jpg-pwrt3

Еуропаның ең дүбірлі доп додаларындағы еліміздің екі командасы «Астана» мен «Қайраттың» қадамдары қазақстандықтарды қуантуда. Төбесі көкке жетердей көңілі шалқыған ағайынның қуанышы басылып үлгермей жатып, «Астананың» жарқын жеңісінің ізін жалғап, алматылық «Қайрат» шотландық «Абердинді» шарасыз қалдырды.

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчы сырт алаңда өтті. Бір апта бұрын «Қайрат» өз жерінде «Абердин» клубын 2:1 есебімен ұтқан еді. Осы мачта команда капитаны Бауыржан Исламхан үздік голымен ерекшеленген.
Жауапты кездесуде Англияда білім алып жатқан «болашақтықтар» отан­дастарына болысу үшін Абердин қаласындағы «Питтодри» стадионына арнайы барды. Олар ойын тікелей эфирден көрсетілмегендіктен әлеуметтік желі арқылы матч­тан хабар беріп отырды. Сырт алаңда жеңіске жету оңай емес. Ойынды сол стадионнан тамашалаған Әділбек Жапақ «Абердиннің» қақпасы алтын емес, тағы бір талқандап кетсек артық емес» деп «Қайраттың» гол салатынына сенім білдірді. Біз де сендік. Иә, сенім ақталды.
Жарақаты бар Жерар Гоудың алаңға шығуы неғайбыл еді. Алайда, Гоу гол соғып, есепті еселеді. Алаң иелері де жауапсыз қалмады. Өз жерінде есепті тең ұстады. Алайда қос матчтың есебі – біздің пайдамызда. Қорытынды есеп – 3:2.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + 15 =