АЛМАТЫНЫҢ АПОРТЫН СЫЙЛАДЫ

0 139

Астанадағы Алматының мәдени күндері аясында мың жасаған шаһардан келген қонақтар елордадағы төрт балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 1000 кг-нан аса апорт пен 3000 дана отандық тәтті шоколад сыйлады.

????????????????????????????????????

Алматы қалалық Ішкі саясат бас­қармасының жетекшісі Нұрлан Сыдықов бастаған делегация алдымен SOS Балалар ауылына барды. Мұнда 3-тен 16 жасқа дейінгі 67 бала тұрады. Меймандарды жас жеткіншектер жақсы көңіл-күйде қарсы алды. Олардың қойған сұрақтарына ықыласпен жауап берді. Әсем Алматы қаласы туралы жетік білетіндіктерін айтты. Өз кезегінде Нұрлан Сыдықов балаларға мың жасап отырған шаһардың тарихы мен дамуы жайында қысқаша сөз өрбітті.
«Біз осында келіп, балаларға кір­мей кете алмадық. Балалар – біздің болашағымыз. Олардың дені сау болып өскені – біз үшін өте маңызды, сондықтан да дәрумендердің қайнар көзі – алманы көбірек алып келдік» деді ол.
Жеткіншектер қып-қызыл апортты құмарта жеп, алыстан әдейілеп келген ағаларына алғыстарын білдірді.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 + 6 =